Show menu Search
Mass Media
Helpline
+7 7172 754-547
Free call

You are here

News

1108/17
Первый вице-министр МИР РК Алик Айдарбаев посетил промышленные предприятия Павлодарской области

ҚР ИДМ Бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев Павлодар облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарына барды

ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев Павлодар облысына жасаған жұмыс сапарында облыс әкімі Болат Бақауовпен кездесу өткізді.

Сапар барысында Алик Айдарбаев пен ҚР ИДМ Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары   Қанат Баитов «Қазақстан алюминиі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ мен «ЕRG» компаниясының құрамына кіретін Павлодар машина жасау зауытын аралады. Онда глинозем мен бірінші алюминий өндіру технологиясымен танысып, арнайы және жалпы өнеркәсіптік крандарды көрді.

«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытына барған бірінші вице-министр Алик Айдарбаевқа №6 цехтың жаңғыртылуы мен металлургиялық шлакты қайта өңдеуді ұйымдастыратын «МинералИндастриГрупп» компаниясының перспективалы инвестициялық жобасының іске асырылуы жөнінде ақпарат берілді.

«Павлодар» АЭА-ң қызметімен танысқан бірінші вице-министр оның бұдан әрі дамуы туралы мәселелерді талқылап, жұмыс істеп тұрған «Каустик» АҚ, «УПНК -ПВ» ЖШС, «ГиссенХаус» ЖШС, «АгроХимПрогресс» ЖШС кәсіпорындарын аралады.

Бұдан бөлек, мамандандырылған автомобильдік техниканы өндіретін «ТемірМаш» ЖШС, фундамент блоктарын, жабдықтау плиткаларын, панель, жинақтау-монолит каркас үй салу қабырғалары технологиялары бойынша құрылысқа арналған темір бетон бұйымдарын шығаратын «ЗЖБИ ТемирТас Павлодар» ЖШС жұмыстары көрсетілді.


© 2017

Official Internet website

Ministry for Investments and Development, Republic of Kazakhstan