Show menu Search
Mass Media
Helpline
+7 7172 754-547
Free call

You are here

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасы бойынша қоғамдық тыңдау ақпараттары

 

 

 

Қазгеология Қарағанды облысы бойынша 13 учаскеде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде

Қарағанды қаласында  Қарағанды облысында геология саласын дамыту перспективалары мәселесі бойынша кеңес өтті.

Жиынға облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Руслан Баймишев, «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Ғалым Нұржанов,  ҚР Энергетика министрлігі мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және т.б. қатысты.

ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев Қарағанды облысында геология саласын дамыту перспективалары туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, Руслан Баймишевтің жер қойнауын пайдалану саласындағы реформалардың алғышарттары және оның негізгі ерекшеліктері туралы айтып берді.

Қарағанды облысында геологиялық барлау жобаларын іске асыру туралы «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Ғалым Нұржанов баяндады.

Ғалым Нұржановтың айтуынша, «Қазгеология» АҚ-тың шетелдік инвестицияларды тарту және инвесторлармен іскерлік қатынастарды жақсарту жөнінде жоспарлы жүргізіліп отырған жұмысының нәтижесінде соңғы 3 жыл ішінде Компания геологиялық барлау жұмыстары саласына 30 млрд. теңгеден астам қаржы тартты, олардың ішінде инвестициялардың  30%-ы (немесе 9 млрд. теңге) Қарағанды облысының үлесінде.

Сондай-ақ, Ғ.Нұржанов «Қазгеология» АҚ-тың өңірде жалпы сомасы 3,5 млрд. астам теңгені құрайтын мемлекеттік тапсырмалар негізінде 13 учаскеде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты. Мысалы, Қарағанды облысында «Қазгеология» АҚ Rio Tinto (Ұлыбритания), Korea Resources Corporation (Оңтүстік Корея), «ULMUS FUND» (Германия), JOGMEC (Жапония),  Yildirim Holding (Түркия) сияқты шетелдік компаниялармен бірлесіп, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде.

Rio Tinto компаниясы 2014 жылдан бастап жұмыс істеуде әрі Қорғантас және Балқаш-Сарышаған учаскелерінде мыс-порфира кендерін барлау жөніндегі жобалармен айналысуда.

Korea Resources Corporation 2015 жылдан бастап жұмыс істеуде әрі Қарағанды облысының Дүйсембай учаскесінде полиметалл кендерін барлау жөніндегі жобамен айналысуда.

Жапонияның JOGMEC мұнай, газ және металдар жөніндегі корпорациясы 2016 жылдан бастап Қыземшек учаскесінде жер қойнауын геологиялық зерттеумен айналысуда.

«ULMUS FUND» неміс тікелей инвестициялар қоры 2015 жылдан бастап Бесшоқы алаңында түсті және асыл металдарды барлау жөніндегі жобамен айналысуда.

Yildirim Holding түрік компаниясы бастапқы кезеңде Қазақстандағы бірнеше перспективалы учаскеде, оның ішінде Қарағанды облысының Тектұрмас ультрабазит белдеуінде хромит кендеріне жер қойнауын геологиялық зерттеу жүргізуді жоспарлауда.

Ғ.Нұржанов таяуда осы өңірде полиметалдардың ірі кен орны ашылады деп күтіліп отырғанын атап өтті.

Жалпы алғанда, саланы одан әрі дамыту үшін «Қазгеология» АҚ бұрғылау, геофизикалық және аэрогеофизикалық жұмыстар саласындағы әлемдегі әйгілі компаниялардан жаңа технологиялар трансфертін жүзеге асыруда, сондай-ақ ұлттық компания өз қызметкерлерін оқыту жөніндегі жұмысты жолға қойды. Қазіргі сәтте  Rio Tinto компаниясының көмегімен 60 жас қызметкер 14 геологиялық бағыт бойынша оқытылды.

Түстен кейін  «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің жобасын талқылау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексі жобасының негізгі ережелері туралы «White&Case» ЖШС-тің консультанты заңгер Тимур Одилов айтып берді.

Кеңестің қорытындысы бойынша күн тәртібіне енгізілген барлық өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, барлық ұсыныстар ескерілді.

 

 

Published on: 14.02.2017
Updated on: 02.03.2017
© 2017

Official Internet website

Ministry for Investments and Development, Republic of Kazakhstan