Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Анонстар/хабарламалар

Ғылыми зерттеулерді бағдарламалық- мақсатты қаржыландыруға арналған конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конурсының өтетіндігі туралы хабарлайды.

Конкурс бағдарламалық-мақсатты қаржыландырудың төмендегі басым бағыттары бойынша өтеді:

  1. Табиғат ресурстарын оның ішінде су ресурстарын, геология, өңдеу, жаңа материалдар және технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен құрылымдарды ұтымды пайдалану..
  • Мақсатты ғылыми- техникалық бағдарлама: «2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының таулы- металлургиялық салаларын дамыту үшін инновациялық технологиялар». (2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, 4-тармақ, 1-тапсырма (12.26.2016жылғы ҚР № 854 Қаулысы)

2. Өмір және денсаулық туралы ғылым.

Конкурстың мәні болып табылатын ғылыми зерттеудің тақырыбы:

  • Мақсатты ғылыми- техникалық бағдарлама: «2018-2020 жылдарға арналған жаңа инфекцияға қарсы препараттарды әзірлеу».
  • Мақсатты ғылыми- техникалық бағдарлама: «2018-2020 жылдарға арналған патогендік микроорганизмдердің антибиотикорезистенттік реверсиясын зерттеу».

Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінім дайындау мәселелері бойынша кеңесті келесі телефондар арқылы алуға болады:

(8-7172) 75-49-22; 75-41-01, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті.

Бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурсына қатысу үшін конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес жинақталған қажетті құжаттар конвертке (оның беткі жағындағы тиісті орында жіберушінің мекенжайы, заңды тұлғаның атауы, конкурстың, ғылымды дамыту басымдығының атауы және ғылыми зерттеулердің бағыттары көрсетіледі) салынып, алғаны туралы хабарлама хатпен пошта арқылы төмендегі мекенжайға жіберіледі: 010000 Астана қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті.

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі конкурс жарияланған кезден бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткеннен кейін бітеді.

Конкурс құжаттамасын comprom.mid.gov.kz ала аласыз.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі