Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы

Сағынов Замир Садықұлы
Сағынов Замир Садықұлы

1966 жылда дүниеге келген. Құрылысшы-инженер мамандығы бойынша Өскемен құрылыс-жол институтын бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы аға жол мастері болып бастаған. Фурманов аудандық автожол мекемесінің прорабы, бас инженері, «Оралавтожол»  Орал қазыналық кәсіпорынның бас инженері, жол қозғалысының қауіпсіздігі, жолды сақтау және байланыс бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.

1999-2006 жылдар аралығында «Қазақавтожол» РМҚК Батыс-Қазақстан облыстық филиалының пайдаланым жөніндегі директор орынбасарының міндетін атқарушы, бас инженері, Батыс Қазақстан мемлекеттік автомобиль жолдары мекемесінің директоры, Батыс Қазақстан  облысы Казталов ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2006 жылғы наурыздан бастап 2007 жылғы қаңтары аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымында болды.

2007 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

2007 жылғы желтоқсаннан бастап 2014 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

2014 жылғы 18 наурыздан 6 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы болды.

2015 жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

ҚР «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.

 

 

 

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі