Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі

Скляр Роман Васильевич
Скляр Роман Васильевич

1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында туған. «Инженер - құрылысшы» мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік университетін, сондай-ақ «Экономист» мамандығы бойынша Мәскеу қазіргі заман бизнес институты мен «Заңгер» мамандығы бойынша Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында Слесарь-монтажшы болып бастап, кейін «Вахинвест» БК-да техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженер және коммерциялық салада қызмет еткен.

2002-2003 жылдары Павлодар облыстық дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті басқармасының бөлім бастығы, 2003-2005 жж. Павлодар қаласында мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы болып еңбек етті. 2005-2006 жж. Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, аппарат жетекшісі, 2006-2007 жж. Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Одан кейін Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық (басқарма басшысы) департаментінің директоры (10.2007-10.2008) болды. 2008 жылғы қазан айынан 2010 жылғы қараша айына дейінгі мерзімде Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет еткен. 2011 жылғы 17 мамырдан 2013 жылғы қазан айына дейін ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі, 2014-2016 жж. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-президенті болған. 2016 жылғы наурызда «Нұр Отан» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты болып сайланды, Экономикалық реформа және аймақты дамыту комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 2016 жылғы мамыр айында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі (05.2016-23.12.2016) болды. 2016 жылғы 23 желтоқсанда ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі қызметіне тағайындалған. «Құрмет» ордені, «Астананың 10 жылдығы», «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі