Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Жаңалықтар

1905/17
В первом квартале 2017 года вырос объем перевозок грузов автомобильным транспортом между Казахстаном и Литвой

2017 жылдың І тоқсанында Қазақстан Литва арасындағы автомобильиен жүк тасымалдау көлемі артты

2017 жылдың 18-19 мамыр аралығында Астана қаласында 1993 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі Литва Республикасының Үкіметі арасындағы жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобильмен тасымалдары туралы Келісімнің аясында Халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелері жөнінде қазақстан-литва аралас комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы жүк тасымалдарының көлемі туралы ақпаратпен алмасты және үстіміздегі жылда екі ел арасында жүк тасымалдары көлемі ұлғаюының оң динамикасын атап өтті.

2017 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан мен Литва арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдары көлемі 2,2%-ға өсті және 18,3 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігімен тасымалданатын негізгі жүктер құралдар, электрондық техника, халық тұтынатын тауарлар (азық-түлік өнімдері, электр құрылғылары, сантехника), өсімдіктен шығатын азық.

Келіссөздер барысында 9000 әмбебап және 1500 үшінші елдерге/елдерден рұқсат бланкілері көлемінде 2017 жылға рұқсат бланкілерімен алмасудың нақты квотасы мен 2018 жылға алдын ала квота орнатылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ма?

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі