Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Жаңалықтар

1805/17
Информация по воздушному судну авиакомпании «Бек Эйр», следовавшему по маршруту Астана–Актобе

Астана-Ақтөбе бағытында ұшқан «Бек Эйр» әуекомпаниясының әуе кемесі бойынша ақпарат

2017 жылдың 17 мамыр күні сағат 17.15-те (UTC) тіркеу нөмірі UP-F1009 Фоккер-100 әуе кемесі, БЕК2013 рейсімен "Бек Эйр" АҚ эксплуатанты Астана-Ақтөбе бағыты бойынша ұшпақшы болған. Ұшақ Астана әуежайынан көтерілгеннен кейін экипаж сол жақ негізгі шасси тағанын алып тастамағаны жайлы белгі беріп, әуежайға қайта оралу туралы шешім қабылдады. Әуе кемесі сағат 17.49-да (UTC) әуежайға қайта аман-есен қонған. Әуе кемесінің бортында 6 экипаж мүшесі, 108 жолаушы болған.

Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 828 қаулысымен бекітілген Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында болған әуе кемесінің авиациялық оқиғасын тексеру жөніндегі комиссия тексереді.  Комиссияны құруға бастапқы хабарлама негіз болды.

«Бек Эйр» компаниясының өкілінен авиациялық оқиға жайлы алғашқы мәлімдеме Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментіне келіп түсті.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 276 бұйрығымен аталмыш оқиғаны тексеру жөніндегі комиссия тағайындалды.

Тексеру қорытындыларын қосымша хабарлайтын боламыз.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ма?

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі