Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Жаңалықтар

1905/17
Астане будут открыто 2 дополнительных автостанции

Астанада қосымша 2 автостанция ашылатын болады

Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз-орталығында өткен брифингте ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр хабарлады.

Астана қаласына автокөлікпен жолаушыларды тасымалдау үшін (Маңғыстау мен Атырау облыстарынан бөлек) автобус рейстерінің саны 2 еседен артық көбейтілетін болады. Яғни, 53-тен 118 рейске дейін арттырылады. Қолданыстағы 148 бірліктен бөлек, қосымша 251 автобус жұмыс істейтін болады.

Осылайша, тәулігіне 400 автобус көрмеге қонақтарды таситын болады.

Аталған автобустардың бағыты үш автостанция бойынша бөлінеді. «Сапаржай Астана» ағымдағы рейстерге қызмет көрсетеді, күніне шамамен 53 рейс. Орташа есеппен 2 410 жолаушы. Барлық қосымша рейстер жаңа автостанциядан шығатын болады.  «Алай» СО автостанциясы тәулігіне шамамен 31 рейс қабылдап, Солтүстік және Батыс аймақтардан  келетін (Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Талдықорған, Орал, Ақтөбе, Өскемен қ.қ.) 1 395 жолаушыға қызмет көрсетеді.

«Алай» автостанциясының филиалы «КЕҢ МАРТ» күніне (1 530 жолаушы) Оңтүстік және Орталық аймақтардан (Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Қарағанды қ.қ.) келетін 34 қосымша рейстерді  қабылдауға  дайын. Ашылуы биыл 1 маусымға жоспарланған.

Анықтама:

Аймақтар

Қолданыстағы

Қосымша

Рейстер

Автобустар

Рейстер

Автобустар

1.

Алматы қ.

2

10

21

105

2.

Ақмола

15

15

8

8

3.

Ақтөбе

1

6

0

0

4.

Алматы

1

6

2

12

5.

ШҚО

6

30

6

30

6.

БҚО

-

-

1

7

7.

Жамбыл

2

10

2

10

8.

Қарағанды

12

12

5

5

9.

Костанай

1

3

1

3

10.

Қызылорда

1

5

4

20

11.

Павлодар

4

12

5

15

12.

СҚО

3

9

8

24

13.

ОҚО

5

30

2

12

Барлығы:

53

148

65

251

 

Қазіргі таңда, автотасымалдауды ұйымдастырудың процестерін шапшаң реттеу мақсатында Комитет мемлекеттік номерлері, иелері, сыйымдылығы және шығарылған жылы көрсетілген автобустар тізілімі құрылып жатыр.

 

Астана қаласына әкелетін 6 кіреберісте тәулік бойы көліктік бақылауды қамтамасыз ету үшін 1 стационарлық және 5 жылжымалы көліктік бақылау бекетінің жұмысы ұйымдастырылады:

- «Астана-Қарағанды» бағытында «Қызылжар» стационарлық бекеті;

- келесі бағыттар бойынша жылжымалы бекеттер: «Астана – Қосшы», «Астана – Қорғалжың», «Астана – Атбасар», «Астана – Көкшетау» және «Астана – Павлодар».


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ма?

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі