Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Жаңалықтар

1703/17
Автодорожники провели подготовку дорог к паводковым водам

Автожолшылар қарғынсудың алдын алу дайындығын өткізді

 

Су тасқыны кезеңіне дайындықты пысықтау жөнінде облыстық қоғамдық филиалдардың және «Казақавтожол» РМК басшыларының қатысуымен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Берік Желдікбаев аймақтық жиын өткізді.

Жиында су тасқынына дайындық барысы туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстық филиалдары басшыларының баяндамалары және «Казақавтожол» РМК Бас директоры Ұ.Әліповтың баяндамасы тыңдалды.

Жол құрылысы мен автомобиль жолдарын бүлінуден қоғау мақсатында, сонымен қатар су тасқыны және мұз көшуі кезінде қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету бойынша аймақтық іс-шаралар жоспары бекітілген.

Қазіргі уақытта Қоғам мен мердігерлік ұйымдар бірігіп автомобиль жолдарын тасқын суды өткізуге дайындық жұмыстары атқарылған. Еріген қар суын өткізуге құбырлар, өзен арналарын жасанды тосқауылдардан тазарту және елді мекендердің маңындағы қарды шығару жұмыстары ұйымдастырылған. Автомобиль жолдарын тексеріп отыру және тұрақты бақылау қамтамасыз етілген.

Республикадағы автомобиль жолдарының жай-күйін тәулік бойы Астана қаласындағы ахуалдық орталықта қадағаланып отырады. Адам өлімін болдырмау және материалдық шығындарға жол бермеу, қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою және алдын алу бойынша аймақтарда жедел штаб құрылды.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ма?

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі