Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Жаңалықтар

1503/17
Международное автосообщение открывается между Казахстаном и Сербией

Қазақстан мен Сербия арасында халықаралық автомобиль қатынасы ашылады

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Сербиямен халықаралық автомобиль қатынасы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Заң жобасын ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек таныстырды. Оның айтуынша, 2016 жылы Қазақстан мен Сербия арасындағы автокөлікпен жүк тасымалдау көлемі 5,4 мың тоннаны құрап, 15% артқан. Бұл жүктер негізінен жабдықтар, ағаш және одан жасалған бұйымдар. Келісімде екі ел арасындағы автомобильдік тасымалды жүзеге асыру үшін құқықтық нормалар бекітілген және автотасымал түрлері, квота бекіту тәртібі және рұқсат бланкаларымен алмасу регламенттеледі. Келісімге сәйкес, екіжақты және транзиттік жүк тасымалы рұқсатсыз негізде, ал, үшінші елден тасымалдау рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

«Бұл қазақстандық тасымалдаушылар үшін Болгарияға, Грецияға және Хорватияға жүк тасымалдауда айтарлықтай ұтымды болмақ. Өйткені, қазақстандық тасымалдаушылар Сербия территориясын тарнзиттік өту мақсатында пайдаланады»,-деп атап өтті министр ҚР Парлдаменті Мәжілісінің пленарлық отырысында.

Екі елдің халықаралық автомобиль қатынасы туралы үкіметаралық келісімі 2015 жылдың 28 тамызында жасалған. Келісім тараптардың мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобильмен жолаушылар тасымалдауын және жүк тасымалдауын реттейді.

Қауіпті жүктерді мемлекеттер (Қазақстан мен Сербия) территориясымен тасымалдау 1957 жылдың 30 қыркүйегіндегі халықаралық қауіпті жүктерді жолмен тасымалдау туралы Еуропалық келісімге сәйкес жүзеге асырылады.

Келісімге сәйкес, мемлекеттердің автокөлік құралдары экипажы мен тасымалдаушылары заңнаманы және мемлекеттердің жол қозғалысы ережелерін сақтаулары керек.

Сондай-ақ, мемлекеттердің тасымалдаушылары жолаушылар тасымалдағанда және келісім негізінде жүк тасымалдағанда автокөлік құралдарын қолдану немесе иеленуге байланысты және басқа тараптың автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін жиналатын өзара алымдардан босатылады. 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ма?

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі