Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Жаңалықтар

1603/17
Алик Айдарбаев назначен первым вице-министром по инвестициям и развитию РК

ҚР Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі болып Алик Айдарбаев тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі болып Алик Серікұлы Айдарбаев тағайындалды. Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жаңадан тағайындалған Алик Айдарбаевты министрлік ұжымына таныстырды.

«Алик Айдарбаев мемлекеттің маңызды салаларында қызмет атқарып келе жатқан аса тәжірибелі тұлға. Елбасының сеніміне ие болған мықты ұйымдастырушы, іскер басшы ретінде өзін Маңғыстау облысының әкімі болып тұрғанда және оған дейінгі қызметтерінде жан-жақты көрсеткен еді. Ендігі ретте Алик Серікұлын тағы да үлкен жұмыстар, жаңа міндеттер күтіп тұр. Аса тәжірибелі маманның келуімен министрлік жұмысы одан әрі жанданып, Мемлекет басшысы мен Үкімет алдындағы міндеттерді ойдағыдай атқаруға атсалысады деген сенімдемін» деді министр.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев өнеркәсіп блогының қызметіне бақылау жасап, қызметін үйлестіретін болады.

Алик Серікұлы Айдарбаев 1963 жылы 19 мамырда Алматы облысында дүниеге келген. В.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген.

1985 жылдан бері мұнай-газ өндірісінде кәсіби дамудың барлық сатыларынан өтті, аға геолог, кейіннен технолог, мұнай және газ өндіру шебері, «Маңғышлақмұнай» ӨБ, «Жетібаймұнай» МГӨБ мұнай және газ өндіру цехы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

Әржылдары «Оңтүстікқазмұнайгаз» өндірістік бірлестігінде басшылық қызметтер атқарды. «Торғай Петролеум» және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры қызметтерін атқарды. 2011 жылдың сәуірінен бері – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры. 2011 жылдың мамырында Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. 2011-2013 жылдары «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының бас директоры қызметін атқарды. 2013-2017 жылдар аралығында Маңғыстау облысының әкімі болды.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ма?

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі