Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Жаңалықтар

1905/17
Авиакомпания «SCAT» планирует перевозку казахстанских паломников в период сезона Хадж

«SCAT» әуе компаниясы Сауд Арабиясына Қажылық сапарға шығатын қазақстандықтарды тасымалдайды

2017 жылғы 19 мамырда ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 2017 жылдың Қажылығын реттеу мен ұйымдастыру, Сауд Арабиясына қажылық сапарға шығушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Сауд Арабиясы авиация билігінің «SCAT» әуе компаниясын аккредиттеу процесін аяқтау жайы қаралды.

2017 жылдың Қажылық маусымында Қазақстаннан қажылыққа баратындарды тасымалдау үшін «SCAT» әуе компаниясы Боинг 737-700 (148 орын) және Боинг 767 (280 орын) типіндегі 2 әуе кемесімен Алматыдан және Шымкенттен рейстер орындауды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта «SCAT» әуе компаниясы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасымен бірлесіп туристік агенттіктермен Сауд Арабиясына ұшып бару және ұшып келу уақыттарын анықтау бойынша коммерциялық келісімдер бекіту жұмыстарын жүргізуде.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ма?

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі