Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Төраға

Ержанов  Аманияз Қасымұлы
Ержанов Аманияз Қасымұлы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы

1960 жылы 8 қарашада Батыс Қазақстан облысы Калмык селосында туылған.

1982 жылы Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын,1987 жылы БЛКЖО (ВЛКСМ) Жоғарғы комсомол мектебін және 2001 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1982-1984 жылдары – Орал облысы, Тайпақ ауданы, Красноярск совхозында бас инженер-гидротехник.

1984-1986 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Тайпақ АК комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі.

1986-1986 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Орал обкомы, облыстық комсомол комитеті комсомол ұйымдары бөлімінің нұсқаушысы.

1986-1987 жылдары – БЛКЖО ОК Жоғарғы комсомол мектебі комсомол жұмысы факультетінің тыңдаушысы.

1987-1989 жылдары – комсомол жұмысы кабинетінің меңгерушісі, облыстық комсомол комитеті комсомол ұйымдары комитетінің меңгерушісі.

1989-1989 жылдары – Қазақстан ЛКЖО ОК кадрларды есепке алу және даярлау секторының меңгерушісі.

1989-1990 жылдары – Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

1990-1991 жылдары – Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі.

1991-1993 жылдары – ҚР Жастар істері жөніндегі мемлекеттік комиссия Халықаралық байланыс және жастар туризмі жөніндегі басқармасының бастығы.

1993-1995 жылдары – «АНПЗ» АҚ Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры; 1995-1997 жылдары – ҚР Министрлер кабинеті аппараты ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі.

1997-1999 жылдары – ҚР Мемлекеттік кеден комитеті Энергетикалық ресурстарды бақылау департаментінің директоры; ҚР Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия Хатшылығы жалпы секторының меңгерушісі.

2000-2005 жылдары – Атырау облысы бойынша кеден басқармасының бастығы, ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2005-2006 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру жұмысы және кадр саясаты басқармасының мемлекеттік инспекторы.

2006-2007 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2007-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.

2011-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы.

2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден комитеті төрағасының орынбасары.

2014 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

 

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі