Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Төраға орынбасары

Байытов Қанат Құрмашұлы
Байытов Қанат Құрмашұлы

1968 жылы 2 қазанда Павлодар облысы Ақсу (Ермак) қаласында туған.

Білімі:

1958 жылы №2 Краснокут орта мектебін бітірген. 1986-1988 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтының жер асты пайдалы қазбалары кен орындарын әзірлеу мамандығы бойынша бітірген, тау-кен инженері.

2004 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтының экономика және кәсіпорындарда басқару мамандығы бойынша бітірген.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының басқару лауазымына тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің дайындық курсынан өтті.

Еңбек қызметі:

1992-1999 жылдары Ақмола облысы, Бестөбе кенішінде «Қазақалтын» ТКК жүйесінде тау-кен мастері, №2 шахтаның учаске бастығының көмекшісі, Бестөбе кенішінің «Западная» шахтасының бас инженері және Ақмола облысы, Ақсу кенішіндегі «Капитальная» шахтасының бас инженері.

2000-2003 жылдары Степногор қаласы «Қамқор» АҚ қаржы жөніндегі директордың орынбасары.

2003-2008 жылдары банк саласындағы қызметтер «Тұран Әлем» Банк АҚФ және Ақмола облысы, Степногор қаласында «Центр Кредит» банк және Астана қаласы Фронт-офис аға менеджер, Степногор қаласы «Банк Центр Кредит» ААҚ Көкшетау филиалының №6 РКО басқарушысы, Астана қаласы «Банк Центр Кредит»АҚ №7 ЦРО және №1 ЦФО филиалдарының басқарушысы.

2008-2009 жылдары Қарағанды қаласы «Өндіріс компания» ЖШС экономика және қаржы директорының орынбасары.

2009-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіптік комитетінің тау-кен металлургия өнеркәсібі басқармасының бастығы.

2014 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі