Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Төраға орынбасары

Құнанбаев  Нұрбек Сейтқамзаұлы
Құнанбаев Нұрбек Сейтқамзаұлы

1959 жылы 2 қыркүйекте дүниеге келген.

Білімі:

1981    жылы  Ленин атындағы Қазақ политехникалық институттын, 2002

жылы Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін оқып бітірген. Технакалық ғылымдар кандидаты, диссертация тақырыбы «Қуатты көлбеу қазбаларын бәсеңдейтін тәртіпте деңгейжиекті қабаттар жүйесімен өңдеу кезіндегі таукен жұмыстарының қауіпсіздігінің тиімділігін арттыру».

Еңбек жолы:

1980 жылы Норильский ТБК-ның «Октябрьский» кенішінде жер асты учаскесінің  жұмысшысы.

1981 - 1988 жылдары Шығыс-Жезқазған кеніштің жер асты жолшы, тау-кен шебері, Белогорский ТБК-ның «Огневка» кеніштің жер астындағы учаскесінің бастығы, тау-кен және бұрғылау жаратын жұмыстары бойынша бас инженердің орынбасары, «Белая Гора» кеніштегі №1 жер асты учаскесінің бастығы.

1989 жылы «Юбилейный» кеніштің бастығы.

1994 жылы қарашада Таумемтехқадағалаудың Шығыс-Қазақстан округы Басқармасының өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы.

1995 жылы Шығыс-Қазақстан округі бастығының орынбасары.

1996-2006 жылдары Өскемен тау-кен техникалық инспекциясының бөлім бастығы, Шығыс-Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары,  ТЖ алдын алу және жою инспекциясының бастығы, ШКО ТЖ саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы бастығының орынбасары.

2006-2008 жылдары Шығыс-Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы. ТЖМ ведомствоға қарасты органдарының қайта құруына байланысты 2008 жылы қыркүйекте Шығыс-Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

2009 жылы – Қарағанды облысының ТЖ Департаменті бастығы.

2012 -2014 жылдары ҚР ТЖМ Төтенше  жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы.

2014 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Иивестициялар және даму министрлігі Идустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі