Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Төраға

Нұрабаев Базарбай Қанайұлы
Нұрабаев Базарбай Қанайұлы

Базарбай Қанайұлы Нұрабаев 1959 жылы Қызылорда облысындағы Жалағаш ауылында туды.

Жоғары техникалық білім алды.

Техникалық ғылымдардың докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі.

Еңбек қызметін 1987 жылда Құмкөл базасының ӨТҚКжК инженері ретінде бастап, осы ұйымның басқарма бастығы, директорына дейінгі жолды өтті, «ОңтүстікМұнайГаз» өндірістік бірлестіктің ӨТҚКжК басқармасының жетекшісі болды.

1997 жылдан бастап, «Яксарт Петролеум» ЕЖШС директоры болды. 1998 жылдан бастап 2000 жылға дейін ҚР МКМ Орталық энергетикалық кеден бастығының орынбасары, Кеден комитетінің Орталық энергетикалық кеден бастығы қызметін атқарды.

2000 жылда ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң бас диспетчерлiк басқармасы» директоры болды.

2002 жылдан бастап мұнайгаз компанияларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2012 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «ҚазГеоАқпарат» Республикалық геологиялық ақпарат орталығының басшысы ретінде қызмет атқарды.

2012 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

2014 жылғы 18 тамыздан бастап, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы болып табылады.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі