Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Төраға орынбасары

Надырбаев Ақбатыр Алуадинұлы
Надырбаев Ақбатыр Алуадинұлы

Надырбаев, Ақбатыр Алуадинұлы 1957 жылы туған. Білімі жоғары. «Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу мен барлау» мамандығы бойынша В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы бастаған, экспедиция геологынан бастап орталық мемлекеттік органның басшысының орынбасарына дейін жол кешкен.

1993 жылдан бастап Батыс — Қазақстан аумақтық геологиялық басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

1994 жылдан бастап Қарғалы геологиялық барлау экспедициясының бастығы болып, «Ақтөбегеология» АҚ директоры, «Зерттеу», 1996 жылдан 1999 жылдар аралығында, АҚ «Батысрудгеология» бас геолог болып жұмыс істеді.

1999 жылдар 2008 жылдар аралығында Батыс — Қазақстандық өңіраралық «Батысқазжерқойнауы» геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің басшысы орынбасары болып жұмыс істеді.

2008 жылдан бастап 2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Батыс — Қазақстандық өңіраралық «Батысқазжерқойнауы» геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

2012 жылғы 1 тамызда Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2014 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі