Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Төраға орынбасары

Ниязбек Әмірдинұлы Құрбанов
Ниязбек Әмірдинұлы Құрбанов

1966 жылы 24 қазанда дүниеге келді. 1989 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Геология және мұнай және газ кенорындарын барлау» мамандығы бойынша бітірді. Құрбанов Н.Ә. мұнайгаз саласында жиырма жыл жұмыс істейді.

1989 жылы, институтты аяқтаған сон, ұңғыманы сынау және игеру бойынша Ленгер мұнайбарлау (ЛМБЭҰЗ) экспедициясында, «Оңтүстікмұнайгаз» ӨБ ұңғыманы зерттеу бойынша оператор, телім геологы, ұңғыманы сынау бойынша шебер болып жұмыс жасады.

1995 жылдан бастап «ҚазКөлікОйл» ЗАО Қазақстанның құбыр жүйесі бойынша мұнай мен мұнай өнімдерінжеткізу графигін орындаумен қамтамасыз ету бойынша диспетчер қызметінің бас диспетчері болып жұмыс істеді.

1997 жылы «Арал Петролеум» ОАО геологиялық қызметінің бас геологы лауазымына кірісті.

Қазақстан Республикасының көмірсутек кенорындарын барлау мен қазымдау бойынша жобаларды сараптау тобын басқарған, «Мұнайсистем Холдинг» ОАО 2000 жылдан бастап бас геологы болды.

2002 жылы «Фирма Ада Ойл» вице-президент лауазымына тағайындалды.

2008 жылы Қ.И. Сәтпав атындағы ҚазҰТУ техника ғылымдарының кандидаты дәрежесіне диссертациясын қорғады. Қазақстан Республикасының Жер қойнауын Барлауда Үздік атты белгі иеленді. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Башекөл кенорнын бірінші ашушысы (2006). ҚР жер қойнауын үздік барлаушысы (2008). ҚР жер қойнауын құрметті барлаушысы (2010).

2008 жылдан бастап геология және жер қойнауын пайдалану Комитетіндегі, Ақтөбе қаласының Батыс Қазақстан ауданаралық өлкелік геология және жер қойнауын пайдалану Департаментіндегі («Батысқазжерқойнауы» АӨД), жер қойнауын пайдалану бойынша Департамент басшысының орынбасары.

2010 жылдан Алматы қаласында ҚР «Оңтүстікқазжерқойнауы» ӨД геология бойынша Департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2013 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар Министрлі геология және жер қойнауын пайдалану Комитеті «Қазгеоақпарат» Республикалық геологиялық ақпарат орталығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.

2014 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі