Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Төраға орынбасары

Сатиев Талғат Бақтыярұлы
Сатиев Талғат Бақтыярұлы

1973 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Тау-кен инженері біліктілігі бойынша Қазақ ұлттық техникалық университетінде білім алған.

Еңбек жолын 1992 жылы қарапайым қызметкерден бастап, орталық мемлекеттік органның аймақтық бөлімінің басшысына дейін өткен.

1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Шығыс Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы ММ Семей аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының жетекші маманы, бас маманы, бас маман-инспекторы қызметтерін атқарды.

2008 жылдың наурыз айынан 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Шығыс Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы ММ Семей аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының бастығы болды.

2012 жылдың сәуір айынан 2013 жылдың ақпан айына дейін «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті ММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2013 жылдан 2014 жылдың қазанына дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті ММ басшысы қызметін атқарды.

2014 жылдың 1 қазанынан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төраға орынбасары болып тағайындалды.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі