Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Төраға орынбасары

Байтұқбаев Ерлан Ысқақұлы
Байтұқбаев Ерлан Ысқақұлы

1969 жылы 19 қаңтарда Алматы облысында туған. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетін «Құқықтану» пәні бойынша бітірді.

1987–1989 жылдар аралығында Совет Армиясы қатарында әскери қызметін өтті.

1993 жылдың шілдесінен бастап, 2011 жылдың қаңтар айына дейін Қазақстан Республикасының прокуратура органдарда әр түрлі лауазымдарда, оның ішінде — Бас прокуратураның Тергеу және анықтау заңдылығын прокурорлық қадағалау департаменті басқармасының басшысы, Қостанай облысы прокурорының орынбасары, Орталық көлік прокуратура аппаратының жетекшісі ретінде жұмыс істеді.

2011 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың қазан айына дейінгі аралықта ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары ретінде экспорттық бақылау және лицензиялау, қаржылық және кадр сұрақтарына жауапты болған.

2014 жылдың қазан айында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология комитетінің төрағасы орынбасары болып тағайындалды.

Аға әділет кеңесшісі сыныптық шеніне ие.

Отбаласы, үш баланы тәрбиелейді.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі