Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Төраға

Қанешев Біржан Бисекенұлы
Қанешев Біржан Бисекенұлы

1966 жылы РФ туған, ұлты – қазақ. Саратов политехникалық институтын (инженер-экономист), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық мемлекеттік басқару жоғары мектебін (мемлекеттік басқару), Массачусетс технологиялық университетін (АҚШ, MBA) бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Саратов қаласындағы (Ресей Федерациясы) институтта комсомол комитетінің хатшысынан бастады, оны аяқтаған соң көлік кәсіпорнында директордың орынбасары болып істеді. Әр жылдарда Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің өнеркәсіп және қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, «Бөбек» қоры өкілдігінің атқарушы директоры, Астана қаласының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнінде Қазақстан Республикасы Агенттігі департаменті директорының орынбасары, басқарма бастығы болып істеді.

1999 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникациялар вице-министрі, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру және байланыс комитетінің төрағасы, ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Ақпараттандыру және байланыс жөнінде ҚР Агенттігінің төрағасы, ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы, «Самұрық» холдингі басқармасының басқарушы директоры, мүшесі болып табылды.

2008 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, одан кейін «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасы төрағасының кеңесшісі лауазымын атқарды.

Соңғы жұмыс орны – Маңғыстау облысы әкімінің инновациялық даму жөніндегі орынбасары. 

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі