Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Төраға

Дұғалов Ғалымжан Тілектесұлы
Дұғалов Ғалымжан Тілектесұлы

02.06.1970 ж. туған.



Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ «Политэкономия» мамандығы бойынша үздік бітірген. Екінші жоғары білімін «юриспруденция» мамандығы бойынша «Тұран» Университетінде алды. Ингольштадт Университетінде (Германия) «Кәсіпорын экономикасы» мамандығы бойынша оқыған.

Экономикалық ғылымдар кандидатының ғылыми атағы бар.

Еңбек жолын 1994 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасында бастады. Одан кейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Экономикалық саясат бөліміне ауысты.

1996 жылы еңбек жолын ҚР Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің бөлім бастығы лауазымында жалғастырды. Одан кейін «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ААҚ президенті, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2002-2007 жылдары «Қазақстан Стандарттау сертификаттау институты» РМК басқарды. 2007 жылдан бастап Агроөнеркәсіптік кешендегі Кешенді Экономикалық Зерттеулер Институтының бас директоры лауазымында қызмет атқарды.

2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 444 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен  мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, достық және ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі