Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

2016 жылдың 9 айында тікелей шетелдік инвестицияның жалпы ағыны 27,3% өсті

2016 жылдың 9 айында тікелей шетелдік инвестицияның жалпы ағыны 27,3%-ға өсіп, 14,5 млрд. АҚШ долларын құрады (2016 ж. 9 айында – 14,5млрд. долл., 2015 ж. 9 айында 11,4млрд. долл.). Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек алқа мәжілісінде атап өтті. Осылайша, экономиканы инвестициялау бойынша оң динамика бар.

ҚР Инвестициялар және даму министрі ЭЫДҰ стандартына сәйкес елдің инвестициялық климатын жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Бұған дейін ЭЫДҰ инвестиция жөніндегі Комитеті ЭЫДҰ Кеңесіне Қазақстанды қатысушы ретінде шақыру шешімін қабылдады. Кеңестің шешімі биыл наурыз-сәуір  айларында белгілі болады деп күтілуде. 

Барлық инвесторлар үшін «Бір терезе» қағидасы енгізілді (300-ден астам мемлекеттік қызмет). Бүгінде ол үлкен сұранысқа ие болып отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, 5500-ден астам өтініш келіп түсті және шамамен 8000 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қазір инвесторларға қолдау көрсететін автоматтандырылған жүйені әзірлеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Сонымен қатар, Инвестициялық омбудсмен институты қызмет етеді.

Инвестиция тарту бойынша жұмыстар жоғарғы деңгейде күшейтілді. Атап айтқанда, басымдыққа ие 10 елде (АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Оңтүстік Корея, Иран, Жапония, Германия, Франция, Қытай, Үндістан) инвестиция тарту бойынша арнайы кеңесшілер белгіленді, сонымен қатар, шетелде «Kaznex Invest» АҚ-ның 5 аймақтық фронт-кеңсесі ашылды (АҚШ, Германия, Түркия, БАӘ, ҚХР).

«Kaznex Invest» АҚ базасында Инвестиция жөніндегі «Кazakh Invest» мамандандырылған ұлттық компаниясы құрылады, ол Үкіметтің атынан мақсатты ТҰК және ірі инвесторлармен келіссөздер жүргізеді.

«Аймақтық деңгейде облыс әкімдерінің басшылығымен инвестиция тарту жөніндегі Кеңес құрылды. Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, экспорт және инвестиция тарту жүйесін қайта форматтау бойынша жұмыстарды бастадық»-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі