Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Хабарландыру!

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 2017 жылғы 12 қаңтарда ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында көлік қызметі субъектілерін аттестаттауға қатысты жаңа реттегіш құралдың реттеуші әсерін талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау жүргізілетінін хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде әзірленген жаңа реттегіш құрал көлік қызметі субъектілерін жолаушылар мен келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттауды көздейді.

Талқылау форум режимінде онлайн талқылау тәсілінде жүргізіледі, осыған орай реттегіш құралға қатысты ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ұсынуыңызға болады.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі