Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Хабарландыру!

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - ИДМ) 2017 жылғы 6 наурызда ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында Ішкі істер министрлігі мен ИДМ арасындағы салалық тиістілігі бойынша кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызметіне қатысты өкілеттіктердің аражігін ажыратуды көздейтін жаңа реттегіш құралдың реттеуші әсерін талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау жүргізілетінін хабарлайды.

Бұл ретте әкімшілік кедергілерді төмендету және өнеркәсіптік кәсіпорындардың жауапкершілігі рөлін арттыру мақсатында кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, бұрқаққа қарсы және газдан құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына аттестаттауды (қайта аттестаттауды) алып тастау, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындар басшыларының ИДМ-мен объектілік кәсби авариялық-құтқару қызметтерін құруды келісуін алып тастау ұсынылады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының тұжырымдамасы шеңберінде әзірленген реттегіш құрал ІІМ бекітілген кейбір ұқсас өкілеттіліктерді ИДМ беруді (қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметтеріне қойылатын біліктілік талаптарын; қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметтерінің жабдықталу нормаларын; олардың құтқарушыларын даярлау бағдарламаларын бекіту бойынша) көздейді.

Талқылау форум режимінде онлайн талқылау тәсілінде жүргізіледі, осыған орай реттегіш құралға қатысты ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ұсынуыңызға болады.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі