Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Инвестициялар және даму жөніндегі қоғамдық кеңес конкурс жариялайды

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 239 бұйрығымен бекітілген Инвестициялар және даму жөніндегі Қоғамдық кеңесі «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағына сәйкес өз қалауымен шығып кеткен Қоғамдық кеңес мүшелерінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне  Қоғамдық кеңесінің құрамына қосу үшін үш кандидатты сайлау туралы конкурс жариялайды.

Коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары кандидаттың АЖТ, қызметінің саласын, өмірбаян деректерін және байланыс мәліметтерін көрсете отырып, үлгіге сәйкес Министрліктің атына хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап 10 күн мерзімде жіберілуі тиіс.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтары Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

- сотталғандығы болмауы;

- сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

- психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады, сондай-ақ қоғамдық кеңестерді қалыптастыру кезінде сол бір адам бір Қоғамдық кеңестің ғана мүшесі болып сайлана алады.

Жоғарыдағы талаптарға сай келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.

Конкурстың өткізілу мерзімі: 2017 жылғы 10 наурызға дейін.

Байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт тауэр» ғимараты. Е-mail: d.argyngazina@mid.gov.kz, v.tanekenova@mid.gov.kz.

Қосымша ақпаратты алу үшін 75-42-43, 75-42-51, 75-42-44 нөмірлеріне хабарласыңыз.

Жарияланған: 01.03.2017
Жаңартылған: 02.03.2017
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі