Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Инвестициялар және даму жөніндегі қоғамдық кеңесінің қызметі туралы ақпараты (2016 жыл - 2017 жылғы наурыз бойынша)

«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына және «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Инвестициялар және даму жөніндегі қоғамдық кеңесі (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) құрылды.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 239 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңестің құрамына үкіметтік емес ұйымдардың және бизнестің  15 өкілі, оның ішінде «Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығының», «Қазақстан бұзбай бақылау және техникалық диагностика қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан Республикасының өндірістік геологиялық ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстандық IT-компанияларының қауымдастығының», «Қазақстан туризм индустриясының ұлттық одағының», «Қазақстан Республикасының энергетикалық тиімділік және ресурсты үнемдеу  қоғамдық палатасы» ЗТБ, «KAZLOGISTICS» Қазақстанның  көлікшілер одағы» ЗТБ, «Қазжолжоба ЖИҚ» ЗТБ басшылары, «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасының кеңесшісі және «Республикалық кен өндіру және тау кен-металлургия қауымдастығының» атқарушы директорының бірінші орынбасары кірді.

Е.О. Әбдірахмановтың, Т.Е. Шеңгелбаевтің және К.Е. Алмағамбетовтың төрағалықтарымен Қоғамдық кеңестің индустриялық-инновациялық даму, геология және жер қойнауын пайдалану, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі комиссиялары құрылды.

Қоғамдық кеңестің мүшелерімен Қоғамдық кеңестің 2016 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Қоғамдық кеңес құрылғаннан бері 13 отырыс өткізілді.

Қоғамдық кеңестің мүшелері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің (бұдан әрі – Министр) Министрліктің 2015 жылғы қызметінің қорытындысы және 2016 жылға арналған міндеттері бойынша есебі тыңдалды және ұсынымдарды ескере отырып мақұлданды, сондай-ақ Министрдің халық алдындағы есептік кездесуіне белсенді қатысты.

Қоғамдық кеңестің отырыстары барысында:

- Министрліктің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының және 2016-2018 жылдарға арналған Бюджеттік бағдарламаларының, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық дамуы жоспарының, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының  жобалары қабылдауға ұсынылды;

- Министрліктің 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастырылды;

- Қоғамдық кеңестің ескертулерін есепке ала отырып, Министрліктің 2015 жылғы жұмыс нәтижелері мен 2016 жылғы міндеттері мақұлданды;

- «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы, Министрліктің 2015 жылғы және 2016 жылғы 9 ай бойынша бюджеттік қаражатты игеруі және Министрліктің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының орындалу барысы туралы есептері мақұлданды.

Сонымен бірге, Қоғамдық кеңестің мүшелері азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі - НҚА) жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысады. Ағымдағы жылғы 17 наурыздағы жай-күйі бойынша Қоғамдық кеңестің қарауына 400 НҚА қаралды.

Қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне азаматтардың құқығы, еркіндігі мен міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді Қоғамдық кеңестің қарастыруы бойынша әдістемелік ұсынымдарға ұсыныстар жолданды. Сонымен бірге, Қоғамдық кеңестердің отырыстары мен тындауларын өткізу үшін Қоғамдық кеңес мүшелерінің іс-сапар шығындарын қаржыландыру мәселесін шешу бойынша ұсыныстар енгізілді.

Қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық кеңестің қызметін жетілдіру бойынша семинарларға/кенференцияларға белсенді қатысады.

Индустриялық-инновациялық даму жөніндегі комиссиясының төрағасы Е.О. Әбдірахманов «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған қоғамдық кеңестің қызметін жетілдіру бойынша семинарына қатысты.

2016 жылғы қазанда Астана қаласында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған, ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының, халықаралық сарапшылардың қатысуымен республикалық және облыстық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің төрағалары үшін «Қоғамдық кеңестер: қызмет тәжірибесі мен іс-қимыл тетіктері» атты республикалық семинары өтті.

Осы семинардың қатысушылары Басқа қоғамдық кеңестердің қызметімен, депутаттардың, сарапшылардың пікірлерімен танысты, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің қызметін бұдан әрі жетілдіру бойынша өз көзқарастарын білдірді.

Қоғамдық кеңестің алдағы қызметінің шеңберінде Қоғамдық кеңестің комиссияларының жұмыс жоспарларын тыңдау және бекіту жоспарлануда.

Қоғамдық маңызы бар мәселеге қатысты азаматтық қоғамның пікірін білу мақсатында а.ж. 3 ақпанда алғаш рет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодекс жобасын (бұдан әрі - Кодекс) талқылау жөніндегі қоғамдық тыңдау өтті.

Осы шараға ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Т.С. Тоқтабаев, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары М.Д. Досмұхамбетов, ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі Қоғамдық Кеңестің төрағасы А.И. Андрющенко, сонымен қатар қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік салалардың, бизнес және жер қойнауын пайдаланушылардың өкілдері қатысты. 

Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша баяндамалардың мазмұндары, Кодекс жобасы бойынша айтылған пікірлер мен ұсынымдары ескерілген хаттамасы Министрліктің ресми сайты мен БАҚ-та жарияланған. Кодекс жобасы бойынша қабылданған ұсынымдар мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, ҮЕҰ және тағы басқаларға қарастыру үшін жолданды.  Ағымдағы жылдың наурыз айының соңында дейін Кодекстің соңғы пысықталған жобасы қайта қарастыруға жолданатын болады.

Кодекс жобасын ҚР Парламентіне 2017 жылдың қыркүйегінде енгізу жоспарланған.

Қазіргі уақытта Жер қойнауы туралы кодексті жəне Салық кодексін әзірлеу бойынша жұмыс топтарының графигіне сəйкес Кодексті талқылау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кодекспен таныстыру бойынша шаралар жоспарына сəйкес қоғамдық тыңдаудың екінші отырысы ағымдағы жылдың

5-сəуірінде Алматы қаласында өтеді.

 

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі