Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Инвесторларға қызмет көрсету орталығының және инвесторларға қызмет көрсету секторларындағы қызмет туралы ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі инвесторлар үшін «бір терезе» тетігінің жұмыс істейтіндігі туралы хабарлайды.

Қазақстан  Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V Кәсіпкерлік кодексінің 282 - бабына сәйкес:

Инвесторлар үшiн «бiр терезе» қағидасы деп инвесторлардың құжаттарды жинау және дайындауға қатысуын барынша азайту және олардың мемлекеттік органдармен тiкелей байланысын шектеудi көздейтiн, уәкiлеттi орган тарапынан инвесторларға мемлекеттік қызметті көрсететін орталықтандырылған нысан болып табылады.

Инвестор - Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі ғимаратында (мекенжайы Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1) 2015 жылдан бастап, инвесторларға консультациялар беру, барлық мемлекеттік қызметтерді алу барысында сүйемелдеуге және оның  нәтижелерін инвесторларға беру үшін Инвесторларға қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - Орталық) жұмыс істейді. Орталықта Call-Centre 8 (7172) 754540 жұмыс істейді.

Орталық және Секторлық инвесторларға қызмет көрсетудің негізгі міндеті инвесторларға консультациялар беру және мемлекеттік қызметтерді алуға жәрдемдесуге негізделеді.

2016 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамның базасында инвесторларға қызмет көрсетудің 19 секторында Инвесторларға «бір терезе» қағидасы жұмыс істейді (Астана қаласында - 2, Алматы қаласында - 3, облыс орталықтарында - 1 сектордан). 

Бүгінгі күні, инвесторлар инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті барлық мемлекеттік қызметті және Инвесторларға қызмет көрсету орталығында (Астана қ., Қабанбай батыр, 32/1, «Transport Tower» ғимараты, 1-ші қабатында) және Қазақстан Республикасының Инвесторларға қызмет көрсету секторларында  ала алады, сондай-ақ оларды алу мәселелері бойынша консультация алуына болады.

 

Инвесторларға қызмет көрсету орталықтарының тізбесі:

1) Астана қаласында: Есіл ауданының бөлімі, «Санкт-Петербург» бизнес орталығы, Достық көшесі, 20; Есіл ауданының бөлімі, (Сауран көшесі, 7);

2) Алматы қаласында: Медеу ауданының бөлімі, (Марков көшесі  44);

Бостандық ауданының бөлімі, (Ходжанова көшесі, 9А); Әуезов ауданының бөлімі, (Жандосов көшесі, 51);

3) Ақмола облысында:  №2 бөлім, Көкшетау қ., Абай көшесі, 96 мекенжайында орналасқан;

4) Ақтөбе облысында: №1 бөлім, Ақтөбе қ., Тургенев көшесі, 109 мекенжайында орналасқан;

5) Алматы облысында: Талдықорған қалалық бөлімі, Тәуелсіздік көшесі, 67В мекенжайында орналасқан;

6) Атырау облысында: № 1 бөлім, Атырау қ., Сәтбаев көшесі, 23 мекенжайында орналасқан;

7) Шығыс Қазақстан облысында: №3 қалалық бөлім, Өскемен қ., Белинская көшесі, 37а мекенжайында орналасқан;

8) Жамбыл облысында: №1 бөлім, Тараз қ. К.Қойгелді көшесі, 158А мекенжайында орналасқан;

9) Батыс Қазақстан облысында:  №1 бөлім, Орал қ., Жамбыл көшесі, 81 мекенжайында орналасқан;

10) Қарағанды облысында: №7 бөлім, Қарағанды қ., Тәттімбет көшесі, 10/5 мекенжайында орналасқан;

11) Қостанай облысында: № 1 бөлім, Қостанай қ., Таран көшесі, 114 мекенжайында орналасқан;

12) Қызылорда облысында: № 1 бөлім, Қызылорда қ., Мұратбаев көшесі, 2е мекенжайында орналасқан;

13) Маңғыстау облысында: Ақтау қалалық бөлімі, 15 мкр. 67б мекенжайында орналасқан;

14) Павлодар облысында: № 3 бөлім, Павлодар қ., Павлов көшесі  48 мекенжайында орналасқан;

15) Солтүстік-Қазақстан облысында: №1 бөлім, Петропавл қ., М.Әуезов көшесі 157 мекенжайында орналасқан;

16) Оңтүстік Қазақстан облысында: №2 бөлім, Шымкент қ., Мәделі Қожа көшесі, 1г мекенжайында орналасқан.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі