Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 256 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

«2016-2018жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы ___ Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы

9 желтоқсандағы № 256 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда мазмұндалсын.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті (Б.Т. Бекенов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің жауапты хатшысы З.С. Сағыновқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, таратуға жатады.

 

 

Министр                                                                         Ж. Қасымбек

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»:

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

____________ Т. Сүлейменов

«КЕЛІСІЛГЕН»:

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

____________ Б. Сұлтанов

 

Жарияланған: 25.10.2016
Жаңартылған: 30.12.2016
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі