Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 256 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы

9 желтоқсандағы № 256 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы» деген 4-бөлімде:

«Бюджеттік бағдарламалар» деген жолда:

«1» деген баған келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«209 «Тұрғын-үй құрылыс жинақтары үлестері бойынша төлем ақы төлеу»;

«4» деген баған келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«210 «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорына нысаналы аударым»;

«10» деген баған келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«079 «Астана халықаралық әуежайы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту»»;

«Стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторлар» деген 5-бөлімде:

«Инвестициялық ахуалды жақсарту, оның ішінде экономиканың шикізат емес секторына ТҰК тарту» деген 1.3-стратегиялық мақсатта:

«2016 жыл» деген бағанда:

«Global-2000/ТҰК кіретін компаниялар тізімінен тартылған нысаналы инвесторлар саны» деген жолдың «5» деген сан «7» деген санмен ауыстырылсын;

«Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерттелуін жоғарылату» деген 1.6-стратегиялық мақсатта:

«2016 жыл» деген бағанда:

«алтын» деген жолдың «40» деген сандары «102» деген сандармен ауыстырылсын;

«мыс» деген жолдың «0,4» деген сандары «1» деген санмен ауыстырылсын;

«полиметалдар» деген жолдың «1,7» деген сандары «3,3» деген сандармен ауыстырылсын;

«Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және бақылау үшін сыртқы қарыздарды қоса алғанда инвестициялар тарту» деген 2.1-стратегиялық мақсатта:

«2016 жыл» деген бағанда:

«Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және бақылау үшін сыртқы қарыздарды қосқанда инвестициялар тарту мөлшері» деген жолдың «235» деген сандары «230» деген сандармен ауыстырылсын;

«Жақсы жағдайда жолдардың салмағын арттыру» деген жолдың «40» деген сандары «46» деген сандармен ауыстырылсын;

«Ресурстар» деген 6-бөлім осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы З.С. Сағыновқа жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, таратуға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

____________ Қ. Бишімбаев

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»:

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

____________ Б. Сұлтанов

 

Жарияланған: 05.05.2016
Жаңартылған: 23.05.2016
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі