Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 256 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 253 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы

9 желтоқсандағы № 256 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті (Б.Т. Бекенов) Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасының тәртібіне сәйкес:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы З.С. Сағыновқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, таратуға жатады.

 

 

Министр                                                                                                                   Ә. Исекешев

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»:

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

____________ Қ. Бишімбаев

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»:

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

____________ Б. Сұлтанов

 

 

Жарияланған: 17.06.2016
Жаңартылған: 30.09.2016
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі