Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 253 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) 2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары (бұдан әрі – Бюджеттік бағдарламалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қайта бекітілсін.

2. Бюджеттік бағдарламалардың орындалуына жауапты Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей Министрліктің Қаржы департаментіне Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Министрліктің Қаржы департаменті (В.В. Абоимова):

1) қайта бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды күнтізбелік 3 күн ішінде Министрліктің веб-порталында орналастыруды;

2) Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепті есептік жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей дайындауды және оны Министрліктің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 333 бұйрығының күші жойылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің Жауапты хатшысы З.С. Сағыновқа жүктелсін.

6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

 

 

КЕЛІСІЛГЕН:

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

____________ Б. Сұлтанов

 

 

КЕЛІСІЛГЕН:

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

____________ Қ. Бишімбаев

 

 

Жарияланған: 17.06.2016
Жаңартылған: 30.09.2016
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі