Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің   32-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары (бұдан әрі – Бюджеттік бағдарламалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Бюджеттік бағдарламалардың орындалуына жауапты Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей Министрліктің Қаржы департаментіне Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Министрліктің Қаржы департаменті:

1) бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды күнтізбелік 3 күн ішінде Министрліктің веб-порталында орналастыруды;

2) Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепті есептік жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей дайындауды және оны Министрліктің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің жауапты хатшысына жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және таратуға жатады.

 

 

Министр                                                                                Ж. Қасымбек

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»:

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

____________ Б. Сұлтанов

«КЕЛІСІЛГЕН»:

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

____________ Т. Сүлейменов

 

Жарияланған: 30.12.2016
Жаңартылған: 31.01.2017
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі