Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) бекітілсін.

2. Жоспардың орындалуына жауапты Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жыл сайынғы есепті кезеңнен кейінгі жылдың, қаңтар айының 20-нан кешіктірмей, Министрліктің Стратегиялық жоспарлау департаментіне Стратегиялық жоспарды іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Министрліктің Стратегиялық жоспарлау департаменті:

1) бекітілген Стратегиялық жоспарды күнтізбелік 3 күн ішінде Министрліктің веб-порталында орнастыруды қамтамасыз етсін;

2) стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті, есептік кезеңнен кейінгі жылдың, ақпан айының 20-нан кешіктірмей дайындауды және оны Министрліктің веб-порталында орнастыруды қамтамасыз етсін.

4. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 256 бұйрығының күші жойылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің жауапты хатшысына жүктелсін.

6. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және таратуға жатады.

 

 

Министр                                                                       Ж. Қасымбек

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»:

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

____________ Б. Сұлтанов

«КЕЛІСІЛГЕН»:

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

____________ Т. Сүлейменов

 

Жарияланған: 30.12.2016
Жаңартылған: 06.02.2017
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі