Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысы

Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берiліп отырған

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже);

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің аумақтық органы – мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы»;

2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері құрылсын.

3. Мыналар:

1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі комитеттерінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері;

2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғалар қайта аталсын.

4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі осы қаулының 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне берсін;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6. Осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

7. Осы қаулы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражігін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағының 17), 23), 52), 101), 110), 111), 112), 113), 114), 115), 117), 118), 119), 150), 168), 169), 170), 171), 172), 173), 174), 175), 176), 177), 178), 179), 180), 181), 182), 183), 184), 185), 186), 187), 188), 189), 190), 191), 192), 193), 194), 195), 196), 197), 198), 199), 200), 201), 202), 203), 204), 205), 206), 207), 208), 209), 210), 211), 212), 213), 214), 215), 216), 217), 218), 219), 220), 221), 398), 401), 407), 408), 411), 438), 449), 450), 451), 452) және 456) тармақшаларын және 17-тармағының 64) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұл ретте Ереженің 16-тармағының 77) тармақшасы 2014 жылғы 21 қарашаға дейін қолданыста болады, Ереженің 16-тармағының 230), 453), 454) және 455) тармақшалары және 17-тармағының 414), 415) және 416) тармақшалары Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін қолданыста болады.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі     К. Мәсімов

     

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі