Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесі отырысының ХАТТАМАСЫ

Астана қ.

№1

    2016 жылғы 8 сәуір

 

Төрағалық етті: З.С. Сағынов

Қатысқан Кеңес мүшелері: А.Қ. Алиақпаров., М.Н. Иғалиев., А.С. Ахмедьярова.,  Б.Т. Бекенов., В.В. Абоимова., А.И. Андрющенко

Шақырылғандар: тізім бойынша

Отырыстың күн тәртібі бойынша

Бірінші мәселе бойынша

  1.  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту басқармасы басшысының (С.Қ. Буштаев) ақпараты назарға алынсын.
  2. ЖҚПД 2014 жылы бұзылған 39 келісім шарттарға түгендеуді аяқтасын және жер қойнауын пайдаланушылардың қызметінің нақты тоқтауы және келісімшарттық аумақтарды қайтару туралы ақпаратты Кеңестің келесі отырысына ұсынсын.
  3. АЖК «КҚӨАЖ» көліктік құралдарын өлшеудің автоматтандырылған жүйелерінің жұмысы бойынша ақпаратты Кеңестің келесі отырысына ұсынсын.

Екінші мәселе бойынша

2.1. АҒК басшылығының (М.М. Молдабеков) ақпараты назарға алынсын.

2.2. АҒК 2016 жылғы 16 сәуірге дейінгі мерзімде «В.Г. Фесенков атындағы астофизикалық институты» ЕЖШС-нің қызметі туралы толық ақпаратты ұсынсын.

 

Үшінші мәселе бойынша

3.1. КЖД директорының (М.Н. Иғалиев) ақпараты назарға алынсын.

3.2. КЖД ҚР ИДМ-нің сенім телефонының жұмысын оңтайландырсын.

Төртінші мәселе бойынша

4.1. КК басшылығының (Н.Қ. Мақажанов) ақпараты назарға алынсын.

4.2. Аумақтық көліктік бақылау инспекцияларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмағандығы ескертілсін;

аумақтық көліктік бақылау инспекцияларында сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына әсер ететін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, оның шарттары мен себептерін азайту үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл шараларын әзірлесін;

аумақтық бөлімшелер басшылары қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда, жеке жауапкершілікке тартылатыны туралы есертілсін.

Бесінші және алтыншы мәселелер бойынша

5.1. ЗД директорының (А.Қ. Алиақпаров) ақпараты назарға алынсын.

БААК, АЖК, КК, ИДӨҚК, ТРМК 2016 жылғы 20 сәуірге дейінгі мерзімде рұқсаттар беру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге:

олардың осы саладағы қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі мәніне;

дискрециондық өкілеттілігін және мерзімін алып тастау;

әкімшілік тосқауылддар (келісу және шешім қабылдау қадамдарының көпбуынды болу түрлерін) алып тастау бойынша қайта қарастырып, тиісті өзгерістер енгізсін.

5.2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің 2016 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.

 

 

Кеңестің төрағасы                                                                 З. Сағынов

Кеңестің хатшысы                                                              Б. Төлеубаев

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі