Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасында «Жетібай – Жаңаөзен» жолын реконструкциясына Қарыз туралы келісімге қол қойылды

2017 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы және Азия Даму Банкімен 73 млн. АҚШ доллар сомасына «Жетібай – Жаңаөзен» автомобиль  жолын реконструкциясына Қарыз туралы келісімге қол қойылды.

«Жетібай – Жанаөзен» жобасы «Жетібай – Жаңаөзен – Фетисово – Түркменстан Республикасының шекарасы (Түркменбашыға)» республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесі. Учаскенің ұзындығы 73 км. Автомобиль жолы Маңғыстау облысында орналасқан және Түркменстаннан Ресейге халықаралық автожол бағдарының учаскесі болып келеді.

Жобаны инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асыруға жоспарлануда.

Транзит дәлізін жаңарту Ресей Федерациясына және Түркменстан Республикасына шығуға мүмкіндігін қамтамасыз етеді және Маңғыстау облысының көлік-логистикалық потенциалын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетімен АДБ ережелеріне сәйкес мердігер компания, сонымен қатар құрылысты бақылау бойынша кеңесші анықталған, конкурстық рәсімдер өткізілді. Қарыз туралы келісім күшіне енген соң   келісім шарттарға қол қойылады.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі