Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Қазақстан Республикасының аумағынан қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге тыйым салуды енгізу туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46 және 47-баптарына, сондай-ақ осы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге легирленген болаттың қалдықтары мен сынықтарын, оның ішінде тотығуға төзімді болатты (ЕЭО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 100 0, 7204 21 900 0) және өзгелерін (ЕЭО СЭҚ ТН коды 7204 29 000 0) қоспағанда, қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынықтарын (ЕЭО СЭҚ ТН коды 7204, 7302 10 900 0, 7802 00 000 0, 8548 10 210 0, 8548 10 290 0, 8548 10 910 0) әкетуге тыйым салу енгізілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

1)  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;

2)  «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»  акционерлік қоғамына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарласын;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі белгіленген тәртіпте:

осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін, мерзімдік баспа басылымдарында жариялағанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссиясын осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салу туралы хабардар етсін;

Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына Еуразиялық экономикалық одағына мүше басқа мемлекеттердің осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараларды қолдануы туралы ұсынысты енгізсін.

3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму  министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А. Қ. Ержанов):

1)   осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)   осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3)   осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4)   осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5)   осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының  Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.  

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.     

 

 

       Қазақстан Республикасының

   Инвестициялар және даму министрі                                        Ж. Қасымбек 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

_______________ Б. Сұлтанов

2017 жылғы «
___» __________

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрі 

_______________ Қ. Әбдірахманов  

2017 жылғы «
___» __________

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі  

______________Т. Сүлейменов

2017 жылғы «
___» __________

Жарияланған: 30.01.2017
Жаңартылған: 30.01.2017
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі