Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үлбі металлургия зауытының жұмысшыларымен кездесті

Министр кәсіпорын басшылығы және жұмысшылармен кездесу барысында зауыттың өткен тарихы және бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, Тантал өндірісі корпусында болды.

«ҮМЗ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары – бас инженер А.А. Кучковский қонақтарға кәсіпорынның жұмысы жайында, сонымен бірге сыйымдылығы жоғары конденсаторларға арналған тантал ұнтағы өндірісі мен қолданылатын салалары және оны дамытудың перспективалары туралы айтып берді.

«ҮМЗ» АҚ жұмысшыларымен кездесу барысында Ж.Қасымбек Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын жүзеге асыру бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің жоспарларымен таныстырды.

Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында (2017-2019жж.) ШҚО құны 1 трлн. теңге болатын 36 жоба жүзеге асырылуда.  Аталған жобалар іске қосылғанда 11 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Оның ішінде 2017 жылы сомасы 433,9 млрд. теңгенің 13 жобасын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл шамамен 2,7 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Кеніштерді ашу және тау-кен өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі жақсы өсім көрсетіп отыр, 118,2 млрд. теңгені құрады, ФИК -125,1%. Металлургия -907 млрд. теңге, ФИК -106,5%. Түсті металлургия өндірісінің көлемі 904,5 млрд. теңгені құрады, ФИК-106,6%.

Министр Президент Жолдауы аясында Үкімет пен бизнеске 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық қайта жарақтандырудың кешенді шарасын бірлесіп әзірлеуді тапсырғанын атап өтті және бәрін бұл жұмысқа белсенді атсалысуға шақырды.

Айта кету керек, бүгінгі таңда кәсіпорынға 4 мың жұмысшы қажет. Орташа еңбекақы 200 мың теңгені құрайды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша сатылған өнім көлемі ақшаға шаққанда 37 639 млн.теңгені құрады. Ал, кәсіпорынның таза табысы өткен жылы  6449 млн. тенгеге жетті. Өндірістік қуаттың пайыздық жүктемесі – 81,8%.

 

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі