Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыретіне өнеркәсіп, өнерәсіптік қауіпсіздік, геология және жер қойнауын пайдалану, техникалық реттеу және метрология, азаматтық авиация, көлік, жаңа технологиялар, инвестициялар, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері саласындағы 138 мемлекеттік қызметтер кірді.

2017 жылғы 1 қантардан 30 маусымға дейінгі мерзімде Министрліктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерімен 74266 қызметтер көрсетілді. Есепті кезеңде 5 мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзушылығына жол берілді, бұлар бойынша Геология және жер қойнауын пайдалану, Көлік және  Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеттерінің қызметкерлеріне әкімшілік және тәртіптік жаза шаралары қабылданды, сонымен қатар геология және жер қойнауын пайдалану, индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік, азаматтық авиация саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына 3 шағым түсті.

Ағымдағы жылғы наурызда Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің 24 қызметкерлерімен және «Казавтожол ҰҚ» АҚ-ның филиалдарының 102 қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін регламенттейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің қағидаларын және талаптарын сақтау мәселелері бойынша оқыту семинарларды өткізілді.

2017 жылғы 15 ақпандағы №422 ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Жалпыұлттық жоспарының 22-тармағын іске асыру мақсатында Министрлік ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп 61 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру туралы шешім қабылдады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді (ереже, стандарттар және регламенттер) әзірлеу және бекіту кезінде мемқызметті көрсету мерзімін айқындау барысында бірыңғай тәсілді (күнтізбелік күндерді жұмыс күніне ауыстыру бөлігінде), мемқызметті көрсетудің дискрециялық мерзімдерін алып тастау («аса емес», «ішінде», «кем емес» және басқа), сондай-ақ, өтінімді қарау мерзімдерін және Министрліктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер бойынша мемлекеттік қызметті алушылардан сұратылатын құжаттар тізбесін қысқарту қарастырылуда.

Министрліктің www.mid.gov.kz ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде барлық мемлекеттік көретілетін қызметтер, нормативтік құқықтық база, сондай-ақ сол не өзгеде мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін құрылымдық бөлімшелердің байланыстары бойынша анықтамалық ақпарат орналастырылған.

2012 жылдың 1 сәуірінен бастап Министрліктің құзыретіне кіретін барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойныша халыққа консультациялық қолдау көрсететін бірыңғай Call - орталық (1414) жұмыс жасайды.

Министрліктің құзыретіне кіретін 138 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерден 94  www.egov.kz – электрондық үкімет порталы арқылы  электрондық форматта көрсетіледі. Қалған 44 мемлекеттік қызметтерді Министрлік дәстүрлі тәсілмен (қағаз түрінде) көрсетеді.

138 мемлекеттік қызметтердің 29 мемлекеттік қызмет жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі.

Сонымен қатар, 138 мемлекеттік қызметтердің Министрлік көрсететін 53 мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан алуға болады.

Барлық мәселелер бойынша мемлекеттік қызметті алушыларға Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты Министрліктің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту басқармасына +7(7172)75-42-53 телефоны бойынша немесе Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 1314 іс бөлмеге жүгінуге болады.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі