Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2011 жылғы 28 қаңтар.

 

БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ!

 

Қазақстан Республикасының Президент Н.Ә.Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауы

Қадірлі отандастар!

Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері!

Ханымдар мен мырзалар!

 

Биыл – біз үшін ерекше қастерлі жыл.

Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылды­ғы­на қадам бастық.

Бодан жұртты бүгінгідей бостан күн­ге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық.

Естеріңізде болар, 1997 жылғы ха­лық­қа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім:

«2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады».

Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ.

Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жастың  өзінде жеттік!

Күні кеше Астанада 56 елдің бас­шы­лары мен халықаралық ұйым өкіл­дерінің басын қосқан Саммит – соның айшықты айғағы.

Жұлдызымызды жарқырата түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біз біршама биіктерді бағындырдық.

Біз талайлы заманда тарыдай ша­шы­лып кеткен қандастарын атамекенге жи­наған әлемдегі үш елдің бірі болдық.

Осы жылдары шет елдерден 800 мың­нан астам отандасымыз келіп, ха­лық саны бір жарым миллионға артты.

Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық.

Есілдің жағасына серпінді дамуы­мыз­дың символы болған еңселі Елорда қондырдық.

Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады.

Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды.

Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады.

Тәуелсіздік жылдарында ел эконо­микасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды.

Сонымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін шы­ға­ра­мыз.

Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үш­тен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады.

Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді.

Ішкі  жалпы өнім өсімі 2010 жылы 7 пай­­­ыз, өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, өң­деу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады.

Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін артты.

Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қа­зақ­стан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді.

Біздегі орташа айлық жалақы 5 жарым  е????сеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есеге көбейді.

Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық.

Алдымызға ұлан-ғайыр мақсаттар қой­­дық және оларға қысқа мерзімде қол жеткіздік.

Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысан­да­ры салынды.

Медицина мекемелерінің материал­дық-техникалық базасы айтарлықтай жақ­сарды.

Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қата­рында келеді.

Өткен онжылдықта білімге бөлі­не­тін қаражат 10 есеге көбейді.

Осы жылдары 750 жаңа мектеп са­лын­ды.

Сонымен қатар, 5 302 мектепке дейінгі мекемелер, 1 117 балабақша мен 4 185 орталық ашылды.

Астанада ғылым мен білім индус­трия­сының жаңа ғасырдағы орталығы болатын университет ашылды.

Біз осылайша аз жылда абыройы арт­қан айдынды елге, қуатты ұлтқа айнал­дық.

Осының бәрі жұртымызды жаһан­дық ауқымда ойлауға баулу мақса­тында жасалуда.

1. Жеделдетілген экономикалық жаң­ғырту – Үдемелі инновациялық ин­дустрияландыру бағдарламасы­ның жалғасы

Құрметті қазақстандықтар!

Біз Тәуелсіздіктің жиырмасыншы жылына аяқ бастық.

1991 жылдың желтоқсанында, өзі­міз­дің стратегиялық мақсатымыз ретінде орнықтылық пен табысқа жетуді таң­дап ала отырып, біз әр жаңа ке­зең­нің дамуына жаңа бағдарламалар жасап, алға жылжыдық.

Біз кеуделі міндеттерге ұмтылып, оларға қол жеткіздік.

Ел ілгерілеуінің шоғырланған көр­сет­кішін ғана келтірейін.

1994 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім жеті жүз доллардан сәл ғана асатын.

2011 жылдың 1 қарашасына қарай бұл көрсеткіш 12 еседен артық өсіп, 9 мың АҚШ долларынан асып түсті.

Біз бұл деңгейге тек 2015 жылы ғана жетеміз деп есептеп едік.

Әлемдік тәжірибе тәуелсіздіктің ал­ғашқы 20 жылында мұндай нәтижеге ешқандай ел қол жеткізе алмағанын көрсетеді.

Мысалы, егемен дамудың алғашқы жиырма жылында жан басына шаққан­дағы ішкі жалпы өнім Оңтүстік Кореяда 3 есе, Малайзияда – 2 есе, Сингапурда – 4 есе, Венгрияда – 5 есе, Польшада 4 есе өскен.

2010 жылдың қаңтарында ел хал­қына Жолдауымда мен Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жария еттім.

Қазірдің өзінде оны жүзеге асы­ру­дың алғашқы жылының нақты қо­ры­тындылары бар.

Біз 152 кәсіпорынды іске қостық, 24 мыңға жуық қазақстандықты тұ­рақты жұмыспен қамтамасыз еттік.

Бүкіл ел бойынша барлығы сегіз жүзге жуық әртүрлі өндіріс орны құ­рылды.

Біз химия және жеңіл өнеркәсіпті белсенді түрде қалпына келтіру мен да­мы­ту үдерісін бастадық, ауылшаруа­шы­лық өнімдерін өңдеуде серпіліс жасадық.

2014 жылға дейін жалпы құны 8,1 трил­лион теңгені құрайтын 294 ин­вестициялық жобаны жүзеге асыру жос­парланып отыр.

161 мың тұрақты жұмыс орны және 207 мың құрылыс уақытына есеп­телген жұмыс орны құрылады.

Алғашқы индустриялық бесжыл­дық­тың алғашқы жылының басты қо­рытындысы – экономиканың нақты­лы секторының есебінен экономика­лық өсуде елеулі құрылымдық өзге­рістердің басталуы.

Таяу онжылдықтағы Стратегия­лық жоспардың мақсаттарын тағы да еске салып өтейін.

2020 жылға қарай біз мынандай көрсеткіштерге қол жеткізуге тиіспіз.

Ішкі жалпы өнім өсуі кемінде 30 пайыз болады.

Өңдеуші салалардағы өсім игеруші салалар деңгейінен асып түседі немесе соған жетеді.

Ұлттық қордың активтері ІЖӨ-нің кемінде 30 пайызын құрайды.

Экономиканың шикізаттық емес секторына салынатын отандық және шетелдік инвестиция кемінде 30 пайызға артады.

Ішкі жалпы өнімдегі шағын және ор­та бизнестің үлесі 40 пайызды құ­райды.

Халықтың саны 18 миллион адам­ға жақындайды.

Білікті мамандардың үлесі 40 пай­ыз­ды құрайды.

Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға дейін төмендейді.

Ауыл шаруашылығындағы еңбек­тің өнімділігі 2014 жылға қарай 2 есе, ал 2020 жылға қарай 4 есе өседі.

Аграрлық секторда етті мал ша­руашылығын дамыту жөнінде бұрын-соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылады.

2016 жылдың өзінде ет экспорты 60 мың тоннаға жетеді, мұның құны 4 миллион тонна бидай экспортына тең.

Мемлекет бұл мақсатқа 130 миллиард теңгелік несие ресурстарын бөледі.

Бұл ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүм­кін­дік береді, жүз мыңнан астам ауыл тұрғындарының кіріс көзіне айналады. Мұның өзі малдың барлық түрінің асыл түліктері мен тұқымдарының бас санын көбейтуге мүмкіндік береді.

Бұлардың барлығы сабақтас салаларда – ауылшаруашылық мәшине жасауда, химия және тамақ өнеркәсібінде, жемшөп өндірісінде, техника жөндеуде өндірісті ұлғайтуға қозғау салады.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2011 жылғы 28 қаңтар.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі