Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Қоғамдық кеңестің мүшелерінің тәжірибесі мен білімі ҚР ИДМ қызметінің негізгі мәселелерін шешу шешуде тиімді қолданылады

 

ҚР ИДМ Қоғамдық кеңестің 5 отырысы өтті, оның барысында министр Исекешев Әсет мемлекеттік органның 2015 жыл бойынша қызметі, ағымдағы жылдың міндеттері бойынша есеп берді, сондай-ақ Кеңес өкілдерінің проблемалық мәселелеріне жауап берді. Соның ішінде, Қоғамдық кеңестің мүшелерін ИИДМБ өзектендіру (түзетулер енгізу), «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ «Жер және жер қойнауын пайдаланушылар туралы» Кодексті жасау мен қабылдау мәселелері қызықтырды.

Отырыстың қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес министрдің есебін қабылдады және ҚР ИДМ қызметінің тиімділігін  арттыру бойынша өз ұсыныстарын берді.

Министр Қоғамдық кеңестің мүшелерінің тәжірибесі мен білімі министрліктің мәселелерін шешуде  рационалды және тиімді қолданылатынын атап айтты. 

Кеңестің төрағасы болып бұрынғы Қазақстан Республикасының индустрия және сауда бірінші вице-министрі, қазіргі уақытта «Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығының» президенті,  Андрющенко Александр Иванович сайланғандығын еске саламыз. Кеңес мүшелерінің ішінде: космонавт, «Халық Қаһарманы» Аимбетов Айдын, IT-компанияларының Қазақстандық қауымдастығының президенті Исин Нұрлан, «Тау-кен өндіруші  және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ орындаушы директорының бірінші орынбасары Төлеген Муханов, «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ басқарма төрағасының кеңесшісі  Есіркеп Әбдірахманов және т.б.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі