Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

ҚР ИДМ басшысы Ж. Қасымбек: биыл алдыңғы қатарлы сандық технологияны енгізу үшін 7-10 пилоттық кәсіпорын іріктелетін болады

Индустрия 4.0 технологиясының Қазақстан үшін қосымша мүмкіндіктер әкелетінін көреміз. Осының арқасында шағын ішкі нарық, теңіз сауда жолдарының қашықтығынан шыға алмау, білікті жұмыс күшінің тапшылығы сияқты объективті факторлардың әсерін төмендете аламыз. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек министрліктің алқа мәжілісінде мәлімдеді.

Индустрия 4.0 технологиясының элементтерін белсенді түрде енгізу мақсатында министрлік биылға және келесі жылға қадамды жоспар әзірледі. 

Министрдің айтуынша, Қазақстан жағдайында Индустрия 4.0 технологиясының мәні мен маңызын қалыптастыру мәселесі тұр. Бұл үшін биыл халықаралық тәжірибеге сәйкес ағымдағы жағдайға толыққанды сараптама жасалады және Индустрия 4.0. технологиясының элементтерін өнеркәсіпке енгізу дайындығы пысықталады. Бұл жұмыс жоғары білікті шетелдік серіктестермен бірлесе жасалатын болады.

Министрлік алғашқыда шоғырландыруға болатын 3-4 өнеркәсіп секторын анықтауды жоспарлап отыр. Әр секторға ынталандыру жөніндегі нақты қолдау іс-шараларының жиынтығы және міндетті түрде әзірлеу керек стандарттар тізімі белгілмек.

«Биыл сараптама қорытындысы бойынша  демонстрациялық тиімділікке қол жеткізу мақсатында алдыңғы қатарлы сандық технологияны енгізу үшін 7-10 пилоттық кәсіпорын іріктелетін болады. Бір сөзбен айтқанда, аталмыш кәсіпорындар басқа кәсіпорындар үшін «моделді сандық фабрика» үлгісі рөлін атқарады. Пилоттық жобалар жөніндегі жұмыстар 2018 жылы да жалғасады»,-деп атап өтті министр Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар, сандық технологияны енгізу бойынша жүйеқұраушы кәсіпорындармен де жұмыс күшейтілмек. Бүгіннің өзінде бірқатар компаниялар жаңа сандық шешімдерді енгізуге қызығушылық танытып, іске кірісіп те кетті. Бұл жердегі босатылған жұмыс күші мен еңбек нарығындағы өзгерістерді болжау есебінен сандық технология негізінде модернизациялау жоспарын әзірлеу мен жүзеге асыруда министрлік негізгі міндетті атқарады.

Барлық көрсетілген шаралар 2017 жылдың желтоқсанында қабылдануы жоспарланған 2025 жылға дейінгі базалық секторларды технологиялық модернизациялау жөніндегі Кешенді жоспарға бекітілетін болады. 

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі