Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асыруға құжаттарды қабылдаудың басталғандығы т/лы

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Ағымдағы жылдың 4 қаңтарынан бастап әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялауды (бұдан әрі - мөлшерлемені субсидиялау) жүзеге асыруға құжаттарды қабылдаудың басталғандығы туралы хабарлайды.

Республикалық бюджеттен мөлшерлемені субсидиялауға қаражат алу үшін, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушы немесе вагондардың (контейнерлердің) операторы (бұдан әрі – тасымалдаушы немесе оператор) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 497 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 13-тармағымен анықталған талаптарға сай болуға тиіс.

Тасымалдаушы немесе оператор Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттардың тізбесін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің мекенжайына тапсырады.

 

Мекенжайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, 1507 кабинет.

 

Қосымша мәліметтер:__________________________________________

Анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 75-47-57.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі