Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын автожол жобалары бойынша анықтама

2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақтығы 7 мың км-ден астам 11 автожол жобасының іске асырылуы қарастырылған.  

Қазіргі уақытта Инвестициялар және даму министрлігі Батыс Еуропа –Батыс Қытай, Астана-Алматы, Астана-Өскемен, Астана-Ақтөбе-Атырау-Ақтау, Алматы-Өскемен, Астана-Петропавл-РФ шек. және Орал-Каменка автожол жобаларын іске асыруда.

 2015 жылы 292 млрд.тенге игерілді (ҰФ – 178 млрд.тенге, РБ – 26 млрд.тенге, Займдар – 88 млрд.тенге)және 456 км-де жұмыстар аяқталды.

2016 жылға қаржыландыру мөлшері – 329,8 млрд.тенге (ҰФ – 151,3 млрд.тенге, РБ – 8,2 млрд.тенге, Займдар – 170,3 млрд.тенге). Жыл қорытындысы бойынша 900 км-ден астам аяқтау жоспарлануда.   Бұл жобаларда 100 мыңнан астам адамды тарту жоспарлануда. 

1)Батыс Еуропа – Батыс Қытай

Ұзақтығы – 2 787 км, қайта жаңартуға  – 2 452 км жатады

Төсем – а/б және  ц/б

Санат: I-санат – 1 391 км, II-санат – 1 061 км

Құны – 825 млрд.тенге

Қаржыландыру көзі –  МБРР, ЕБРР, АБР, ИБР, ЯАМС займдары,  РБ бірлесіп қарж.

Жобаның басынан 2 028 км-де жұмыстар аяқталды және Шымкенттен- РФ шек.(Орынборға) және Тараз-Алматы учаскелері бойынша 144 км-де  жұмыстар аяқталды.

 2015 жылы 77,5 млрд.тенге игерілді және Шымкент-Жамбыл обл шек. және Шымкент-Ташкент учаскелері бойынша 144 км –де жұмыстар аяқталды. 

2016 жыл бюджеті – 134,2 млрд.теңге (Займдар – 116,1 млрд.тенге, РБ бірлесіп қаржыландыру – 18,1 млрд.тенге).

Жұмыстар Алматы –Хоргос (304 км), Шымкент – Ташкент (100 км) және  Шымкент - Жамбыл обл. шек (81 км) учаскелерінде жалғасуда, жыл қорытындысы бойынша бұл учаскелер толығымен аяқталады және дәліздің толық бойында қозғалыс ашылатын болады.  

Тартылған компаниялар Догуш, Evrascon, Sinohaidro, Dena Rahsaz & Sargin, Dogus Insaat Ve Ticaret A.S. & Gulsan Insaat Sanayi Turizm Nakliyat Ve Ticaret, Todini.

Танзит дәлізі шеңберінде ұзақтығы 96 км II-техникалық санаттағы Ұзынағаш-Отар учаскесі  I-техникалық санатқа ауыстырылатын болады, өйткені транзит дәлізін қайта жаңартуы басынан бұл бөліктегі қарқындылық 2-есе өсті және учаскенің өткізу мүмкіндігі автокөлік құралдарын өткізуді қамтамасыз етпейді.   

Учаскені қаржыландыру Дүниежүзіліе Банк займдары есебінен іске асырылатын болады. Ағымдағы жылы ТЭН А.ж. 1 жартыжылдығында займ туралы келісімге қол қою жоспарлануда, 2 жартыжылдықта конкурстық рәсімдерді өткізу жоспарлануда. Қайта жаңартуды бастау – 2017 жыл,     2019 жылы аяқтаумен. Құрылыс жұмыстарын өткізу кезінде қозғалыс әрекеттегі жолмен іске асырылатын болады.

2) Астана-Алматы

Ұзақтығы – 1 282 км

Төсем – а/б және ц/б

Санат: I санат – 1 282 км

Құны – 836 млрд.тенге

Қаржыландыру көздеріҰФ, РБ,  МБРР, ЕБРР займдары

Осы бағдар бойынша жұмыстар 2013 жылдан Астана-Теміртау (171 км) и Алматы-Қапшағай (104 км) учаскелерінде басталды. 2014 жылы Астана-Теміртау учаскесінің 12 км және Алматы-Қапшағай учаскесінің 10 км пайдалануға енгізілді.

 2015 жылыАлматы-Қапшағай учаскесінде 60,2 млрд.тенге игерілді және 62 км пайдалануға берілді.

2016 жыл бюджеті – 63 млрд.тенге (ҰФ).

Бөлінген қаражат есебінен жоғарыда көрсетілген учаскелерде жұмыстар жүргізілуде, және жыл қорытындысы бойынша толығымен аяқталатын болады. (Астана-Теміртау – 159 км, Алматы-Қапшағай – 32 км).

АБК Автодор-НС, Казгерстрой, Дорстрой, Найза құрылыс отандық компаниялары тартылды.

Қарағанды-Балхаш-Бурылбайтал-Күрті  учаскесін қаржыландыру МБРР, ЕБРР займдары есебінен іске асырылатын болады. 2016 жылдың                  2 жартыжылдығында займ туралы келісімге қол қою жоспарлануда. 2016 жылдың  3 тоқсанында Курты-Бурылбайтал учаскесінің қайта жаңартуын бастау, ал 2017 года –Караганды-Балхаш-Бурылбайтал учаскесін бастау жоспарлануда.

Жобаны толығымен аяқтау – 2020 жыл.

3) Астана - Өскемен

Ұзақтығы – 1 018 км

Төсем – а/б и ц/б

Санат: I-санат – 436 км, II-санат – 580 км

Құны – 400 млрд.тенге

Қаржыландыру көздеріҰФ, РБ,  Эксим банк займдары

Бұл бағдар бойынша жұмыстар 2013 жылдан  Астана-Павлодар (441 км) және Павлодар-Семей-Қалбатау (473 км) учаскелерінде жүргізілуде.   2014 жылы 118 км пайдалануға енгізілді.

2015 жылы 96,4 млрд.тенге игерілді және  Астана-Павлодар учаскесінің 47 км  Павлодар-Семей учаскесінің 53 км пайдалануға енгізілді.

2016 жыл бюджеті – 60,5 млрд.тенге (ҰФ).

Бөлінген қаражат есебінен жұмыстар 516 км-де жүргізілуде (Астана-Павлодар – 394 км, Павлодар-Семей-Қалбатау – 122 км). Жыл қорытындысы бойынша Астана-Павлодар учаскесінің 200 км-де қозғалысты ашу және Ертіс өз. арқылы көпір өткелінің құрылысын (12 км) аяқтау жоспарлануда.

Казахдорстрой, АБК Автодор-НС, Казпако, Казгерстрой, Дорстрой, Автодорсервис, Дена Рахсаз, Павлодар жолдары, Юнисерв отандық компаниялары тартылды.

Қалбатау – Өскемен (102 км) учаскесі  Эксим банк займдары есебінен қайта жаңартылатын болады. 2016 жылдың 2-жартыжылдығында келісімге қол қою жоспарлануда, іске асыруды бастау 2017 жыл.

Жобаны толығымен аяқтау – 2020 жыл.

4) Астана-Ақтөбе-Атырау-Ақтау

Ұзақтығы – 2 891 км

Төсемі – а/б және ц/б

Санат: I, II-санат

Құны – 726 млрд.тенге

Қаржыландыру көзі –МБРР, АБР, ИБР займдары, РБ, ҰФ

Бұл бағыттағы жұмыстар ұзақтығы 470 км Бейнеу-Актау учаскесінде жүргізілуде.  2014 жылы 200 км-де қозғалыс ашылды.

 2015 жылы Бейнеу-Актау учаскесі бойынша 16,5 млрд.тенге  игерілді и жұмыстар  52 км-де аяқталды. Ақтөбе-Атырау учаскесі бойынша 1,5 млрд.тенге игерілді. Жұмыстар 26 км-де жүргізілді.

Ағымдағы жылы Бейнеу-Актау учаскесі бойынша 38,5 млрд.тенге бөлінді (Займдар, РБ). Жұмыстар 210 км-де жалғасты, және жыл қорытындысы бойынша 180 км-де аяқталатын болады.

Сонымен бірге жұмыстар Актобе-Атырау учаскесінің 26 км-де жүргізілуде, ол үшін 2,4 млрд.теңге бөлінді (ҰФ).

Ивета, Атырау жолдары, Нияз Мухамед, Атырауинжстрой отандық компаниялары және Дженигз Иншаат түрік компаниясы тартылды.

Астана-Арқалык-Торғай-Шалқар-Қандыағаш, Ақтөбе-Макат және Атырау-Астрахань учаскелері МБРР, АБР және ИБР займдары есебінен қайта жаңартылатын болады. 2016 жылдың 2 жартыжылдығында займдар туралы келісімге қол қою жоспарлануда. Қайта жаңартуды 2017 жылдан бастау жоспарлануда.

Жобаны толығымен аяқтау – 2020 жыл.

5) Алматы – Өскемен

Ұзақтығы –803 км

Төсем – а/б

Санат: I-санат – 141 км, II-санат – 662 км

Құны – 257 млрд.тенге

Қаржыландыру көздері – РБ, ҰФ, Эксим банк займдары

Құрылыс жұмыстары ұзақтығы 141 км Капшагай-Талдыкорган учаскесінде жүргізілуде.

2015 жылы 22,3 млрд.тенге игерілді және пайдалануға 53 км енгізілді.

2016 жыл бюджеті – 9,5 млрд.теңге. Бөлінген қаражат есебінен ағымдағы жылы жұмыстар қалған 88 км-де жалғасатын болады, олардан жыл қорытындысы бойынша 64 км аяқталатын болады.

 К-Дорстрой, Прогресс отандық компаниялары тартылды.

Талдықорған-Қалбатау учаскесі Эксим банк займы есебінен қайта жаңартылатын болады. 2016 жылдың 2 жартыжылдығында келісімге қол қою жоспарлануда, іске асыру 2017 жылы басталады.

Жобаны толығымен аяқтау – 2020 жыл.

6) Астана – Петропавл –  РФ шек.

Ұзақтығы –531 км

Жамылғы – а/б, ц/б

Санаты: I-санат – 280 км, II-санат – 251 км

Құны – 157 млрд.тенге

Қаржыландыру көздері – РБ, ҰФ, Эксим банка займдары

Қайта жаңартылды – 376 км.

Жұмыстар СҚО аймағында Көкшетау-Петропавл учаскесінде жүргізілуде.

2015 жылы 11,3 млрд.тенге игерілді және пайдалануға30 км енгізілді.

2016 жыл бюджеті – 11,1 млрд.тенге (ҰФ, РБ). Бөлінген қаражат есебінен жұмыстар 87 км-де жалғастырылды, олар жыл қорытындысы бойынша аяқталатын болады және Астанадан Петропавлға дейін қозғалыс толығымен ашылатын болады.

Петропавл - РФ шек.(68 км) учаскесінің қайта жаңартуын 2017 жылдан бастау жоспарлануда.

АКМ, Казпако отандық компаниялары тартылды.

Жобаны толығымен аяқтау – 2020 жыл.

7) Уральск-Каменка

Ұзақтығы – 100 км

Төсемі – а/б

Санаты: II-санат

Құны – 24 млрд.тенге

Қаржыландыру көздеріҰФ

 2015 жылы 3 млрд.тенге  игерілді.

 2016 жыл бюджеті – 5,6 млрд.тенге. Жұмыстар 100 км-де жүргізілуде, және жыл қорытындысы бойынша 27 км-де аяқталатын болады.

Юнисерв отандық компаниясы тартылды.

Жобаны толығымен аяқтау – 2018 жыл.

 

Ұзынағаш-Отар (96 км, займ МБРР), Жетібай-Жанаөзен (73 км, займ АБР)  және Үшарал-Достық (184 км, займ Эксим банка ҚХР) жобалары займдар есебінен іске асырылатын болады.2016 жылдың 2 жартыжылдығында займ туралы келісімге қол қою жоспарлануда, іске асыруды бастау – 2017 жыл.

Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды (925 км) және Астана қ. Оңтүстік-Батыс айналма жолы  (31 км) жобалары бойынша «ҚазАвтоЖол»ҰК»АҚ  ҚХР Эксим банкінің займдарын тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Іске асыруды шамамен 2017 жылы бастау жоспарлануда.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі