Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көлік инфрақұрылымның дамуы

Қазіргі кезде тиімді көлік-логистикалық ел қалыптастыру жөнінде белсенді жұмыс жасалуда. Ол үшін инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарлама аясында көлік инфрақұрылымын ауқымды модернизациялау жүргізілуде. Бұл 2020 жылға қарай жүк айналымын 1,6 есе және транзиттік жүк тасымалы көлемін екі есе арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы Мемлекеттік бағдарлама бойынша 15 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру көзделген, оның ішінде:

3 жоба теміржол көлігі саласы бойынша және

1 жоба азаматтық авиация саласы бойынша.  

Жалпы барлық жобаларды іске асыру кестеге сәйке11 жоба автожол саласы бойынша,

с жүргізілуде.

Автожолдар саласындағы инфрақұрылымдық жобалар туралы айтар болсақ, 2020 жылға қарай жалпы құны 2,4 трлн. теңге құрайтын  7 мың шақырымнан астам жол реконструкцияланады және салынады, оның 1 трлн. теңгесі халықаралық қаржы институттарының займдары екендігін атап өту қажет.

«Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде аралас салаларды қоса алғанда барлық автожол жобалары бойынша 200 мың адамды жұмылдыру көзделген.

 Қазіргі уақытта  Батыс Еуропа – Батыс Қытай  жобасын іске асыру жалғастырылуда, «Орталық-Оңтүстік» (Астана – Алматы), «Орталық-Шығыс» (Астана –Өскемен), «Орталық-Шығыс» (Астана – Ақтөбе – Атырау – Ақтау), Алматы–Өскемен, Қарағанды-Жезқазған-Қызылорда және Атырау-Астрахан автожол жобаларын іске асыру басталды.

2015 жылы аталған жобаларды іске асыруға 269,3 млрд. теңге, оның ішінде Ұлттық қордан– 178 млрд. теңге бөлінді. 2015  жылғы 1 маусымға 85,4 млрд. теңге игерілді (оның ішінде ұлттық қордан - 44 млрд. теңге) немесе 32 пайызы игерілді.

Бүгінгі күнге жобаларға барлығы 33 мердігер ұйым және 64 қосалқы ұйым тартылды, 27 мың жұмыс орыны ашылды және 5 мыңнан астам жол құрылысы техникасы жұмыс жасауда.

Автожол саласындағы ең ірі жоба ұзақтығы 2 787 км.  «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» құрлықаралық автомобиль дәлізі болып табылады.

Биылғы жылы жобаны іске асыруға  74,4 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде займдар – 62,8 млрд. теңге, Республикалық Банктен – 11,6 млрд. теңге бөлінді. 2015 жылдың басынан бері 34 млрд. теңге, немесе жылдық жоспардың 45 пайызы игерілді. бүгінгі күнге учаскелерде 26 км асфальт-бетонды және 45 км цементобетонды жоғарғы қабат жамылғысы салынды. 

Жобаларды 2009-2014 жылдары іске асыру кезеңінде Ресей Федерациясы шекарасынан Шымкент қаласына дейін Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан арқылы 1 884 км бойында қозғалыс ашылды.

Ташкент-Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы, Тараз қаласының айналма жолы және Алматы-Қорғас учаскелерінің 569 километрінде жұмыс жалғасуда.

2015 жылдың аяғында Тараз қаласының айналма жолын қоса есептегенде ұзындығы 183 км Шымкент – Тараз учаскесінде қозғалыс ашу жоспарлануда. Шымкент-Ташкент және Алматы-Қорғас учаскелеріндегі жұмыстарды толықтай аяқтау 2016 жылға белгіленген, сөйтіп транзиттік дәліздің өн бойымен қозғалыс ашылатын болады.

Келесі жоба «Орталық-Оңтүстік» (Астана-Алматы). Оның ұзындығы 1282 шақырым.

Жобаның жалпы құны – 836 млрд.теңге. Осы жылы жобаны жүзеге асыруға 60,2 миллиард теңге бөлінді (Ұлттық қордан – 57 млрд.тг., республикалық бюджеттен – 3,2 млрд. тг.). Жобаның құрылысы 2013 жылы басталды.

Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары Астана-Теміртау (159 шақырым) және Алматы-Қапшағай (94 км) учаскелерінде жүріп жатыр. Олардың 40 шақырымы – цементбетонмен төселген.

2015 жылы 72 шақырым пайдалануға беріледі (10 шақырымы Астана-Теміртау, 62 шақырымы Алматы-Қапшағай жолдары). Аталаған участкелерде құрылыс жұмыстары 2016 жылы аяқталады.

Қарағанды-Балқаш-Бұрылбайтал-Күрті учаскесін реконструкциялау Дүниежүзілік банк пен Еуропалық қайта құру және даму банкі зайымдарының есебінен қаржыландырылады.

2015 жылдың соңына дейін займ туралы келісімге қол қойылып, конкурс жарияланады деп жоспарланған. Құрылыс жұмыстары 2016 жылдың көктемінде басталып, 2019 жылы аяқталады.

Үшінші жоба - Орталық-Шығыс. Бұл – 2013 жылы құрылысы басталған, ұзындығы 1018 шақырым болатын Астана-Өскемен жолы. Қазір Астана-Павлодар-Семей учаскесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы ұзындығы – 509 шақырым.

2015 жылдың аяғына дейін 100 шақырым пайдалануға беріледі. Оның 47 км – Астана-Павлодар, 53 км – Павлодар-Семей жолдары.

Ұзындығы 404 шақырым болатын Павлодар-Семей-Қалбатау және Қалбатау-Өскемен учаскелерінің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2016 жылы басталады.

Орталық-Батыс жобасы (Астана-Ақтөбе-Атырау-Астрахан).

Ұзындығы 470 шақырым болатын Бейнеу-Ақтау учаскесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 2014 жылы 200 шақырымы пайдалануға берілген болатын. Дәліздің жалпы ұзындығы 2720 шақырым. Оның 1290 шақырымын жөндеу қажет.

Жобаның құны – 540 млрд.тг. Қазіргі уақытта Астана-Қарабұтақ (844 км.), Ақтөбе-Мақат (459 км.) және Атырау-Астрахан (277 км.) учаскелерін жөндеуге халықаралық қаржы институттарынан займ алу үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Займ туралы келісімге биылғы жылды аяғына дейн қол қойылады деп күтілуде.

Құрылыс жұмыстары 2016 жылдың көктемінде басталып, 2019 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Алматы-Өскемен жобасы. Жолдың ұзындығы - 851 км. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары Қапшағай-Талдықорған жолындағы 157 шақырымдық учаскеде жүріп жатыр.

2015 жылдың аяғына дейін 84 шақырым пайдалануға беріледі. Қалған 73 шақырымы – 2016 жылы аяқталады.

Астана-Петропавл жолы туралы айтатын болсақ. Қазір Көкшетау-Петропавл учаскесінің Солтүстік Қазақстан облысындағы 106 шақырым жолы жасалып жатыр. Одан бөлек, Петропавл қаласын айналып өтетін 11 шақырымдық жолының реконструкциясы басталды.

2015 жылдың аяғына дейін 55 шақырым пайдалануға беріледі. Ал келесі жылы – 51 шақырым.

Орал-Каменка жолын салу жобасы бойынша келісімге қол қойылды. Шілдеде құрылыс жұмыстары басталады.

Жалпы, барлық автожол жобаларының құрылысы бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатыр.

 

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі