Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

САТЫП АЛУЛАР ЖӨНІНДЕ АРНАЙЫ ХАБАРЛАМА

Қызығушылық білдіруге шақыру

Мемлекет: Қазақстан Республикасы

Қарыз: 8156-KZ

Жоба: «Шығыс-Батыс» автомобиль жолын дамыту

Тапсырма: «Балқаш-Бұрылбайтал» жол учаскесіндегі құрылыс жұмыстарын қадағалау

Контракт: EWRP/QCBS/CWSPN/2017 

Қазақстан Республикасы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» Халықаралық Транзиттік Дәлізі «Шығыс-Батыс» Жолын дамыту жобасына Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінен (ХҚДБ) қарыз алды: және жалпы ұзындығы 297 км «Балқаш-Бурылбайтал» жол учаскесін қайта құру шеңберінде құрылыс жұмыстарын қадағалау қызметтерін төлеу мақсатында осы қарыз қаражатының бір бөлігін қолдануды көздейді. Құрылыс жұмыстары алты лотқа бөлінеді және әр лоттың жұмыс көлемдері маңыздылығы мен мазмұны бойынша біркелкі бөлінген. Құрылыс жұмыстарын қадағалау қызметтерін жеңілдету мақсатында, Тапсырма үш (3) келісімшартқа бөлінеді, әр тапсырма қатар орналасқан екі жол учаскесінің құрылысын қадағалау қызметтерін қамтиды.

Келісімшарт 1 - I учаскені (км 1855-1905) және II учаскені (км 1905-1955) қамтиды.          

Келісімшарт 2 - III учаскені (км1955-2005) және IV учаскені (км 2005-2069) қамтиды.      

Келісімшарт 3 - V учаскені (км 2069-2105) және VI учаскені (км 2105-2152) қамтиды.

Келісімшарт 1 (№ EWRP/QCBS/CWSPN/2017-1) төменде көрсетілген құрылыс жұмыстарын қадағалау қызметтерін жүзеге асырады:

  • Учаске I км 1855-1905 - жалпы ұзындығы 50 км автомобиль жолын  екі жолақты жолдан төрт жолақты жолға өтумен қайта құру. Қадағалау бойынша қызметтер 2018 жылдың басында басталады және 34 ай бойы жалғасады.
  • Учаске II км 1905-1955 - жалпы ұзындығы 50 км автомобиль жолын  екі жолақты жолдан төрт жолақты жолға өтумен қайта құру. Қадағалау бойынша қызметтер 2018 жылдың басында басталады және 29 ай бойы жалғасады.

Құрылыс жұмыстарын қадағалау қызметтері 2018 жылдың басында басталады және ақауларды жою бойынша кепілдеме мерзімін қоса, шамамен 58 (елу сегіз) айға жалғасады деп күтілуде,.

Келісімшарт 2 (№ EWRP/QCBS/CWSPN/2017-2) төменде көрсетілген құрылыс жұмыстарын қадағалау қызметтерін жүзеге асырады:

  • Учаске III км 1955-2005- жалпы ұзындығы 50 км автомобиль жолын  екі жолақты жолдан төрт жолақты жолға өтумен қайта құру. Қадағалау бойынша қызметтер 2018 жылдың басында басталады және 29 ай бойы жалғасады.
  • Учаске IV км 2005-2069 - жалпы ұзындығы 64 км автомобиль жолын  екі жолақты жолдан төрт жолақты жолға өтумен қайта құру. Қадағалау бойынша қызметтер 2018 жылдың басында басталады және 37 ай бойы жалғасады.

Құрылыс жұмыстарын қадағалау қызметтері 2018 жылдың басында басталады және ақауларды жою бойынша кепілдеме мерзімін қоса, шамамен 61 (алпыс бір) айға жалғасады деп күтілуде.

Келісімшарт 3 (№ EWRP/QCBS/CWSPN/2017-3) төменде көрсетілген құрылыс жұмыстарын қадағалау қызметтерін жүзеге асырады:

  • Учаске V км 2069-2105 - жалпы ұзындығы 47 км автомобиль жолын  екі жолақты жолдан төрт жолақты жолға өтумен қайта құру. Қадағалау бойынша қызметтер 2018 жылдың басында басталады және 27 ай бойы жалғасады.
  • Учаске VI км 2105-2152 - жалпы ұзындығы 64 км автомобиль жолын  екі жолақты жолдан төрт жолақты жолға өтумен қайта құру. Қадағалау бойынша қызметтер 2018 жылдың басында басталады және 27 ай бойы жалғасады.

Құрылыс жұмыстарын қадағалау қызметтері 2018 жылдың басында басталады және ақауларды жою бойынша кепілдеме мерзімін қоса, шамамен 58 (елу сегіз) айға жалғасады деп күтілуде.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті, жобаны іске асыруға жауапты мекеме қызмет беруге өз қызығушылығын білдіру үшін құқылы консультациялық компанияларды («Консультанттар») шақырады. Қызығушылық білдірген консультанттар қызметтерді ұсыну үшін сәйкес тәжірибесі және қажет біліктілігін көрсететін мәліметтерді ұсыну керек. 

Консультанттар өтініштерін барлық немесе үш Келісімшарттың біреуіне тапсыра алады.

Қысқа тізімнің критерийлері келесідей:

  • Тапсырма шеңберіндегі жалпы тәжірибе 10 жылдан кем емес;
  • Посткеңестік мемлекеттерде ұқсас жобаларды (сипаты мен масштабы) орындаудағы өзіндік тәжірибесі; минимум 2 жобаны орындау;

Консультантардың Қызығушылық білдіруін орысша аудармасымен ұсынылуы ынталандырылады. Бірақ орысша нұсқаны ұсынбау қысқа тізімнің анықталуына әсер етпейді.

Қызығушылық білдіру құжатының көлемі 50 (елу) бетке дейін шектеледі.

Қызығушылық танытқан консультанттар тараптардың келіспеушілігі туралы Дүниежүзілік банктің саясатын сипаттайтын 1.9 параграфқа назар аударуы тиіс ереже: Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларының консультанттарды іріктеуі және жалдауы [ХҚДБ займы және  IDA несиелері мен гранттары шеңберінде]  [қантар 2011] (“Консультанттар туралы ереже”).

Консультанттар басқа компаниялармен бірігіп біріккен кәсіпорын түрінде немесе олардың біліктілігін күшейте алатын субконсультант ретінде жүре алады. Ынтымақтастық формасы Қызығушылықты білдіруде анық көрсетілген.  

Консультант Консультанттарға арналған ережеде көрсетілген сапа мен баға негізінде іріктеледі.

Толық ақпаратты жұмыс уақытында сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) төменде көрсетілген мекенжай бойынша алуға болады.

Қызығушылық танытуға өтініш жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайға 2017 жылғы 15 тамызда сейсенбі күні 16.00-ге дейін жолданылуы тиіс (пошта арқылы).

Назарына: Амир Каримбаев, Жобаларды дайындау басқармасының басшысы

Қазақстан Республика Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті

Қабанбай батыр даңғылы 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты,

010000 Астана, Қазақстан

Тел: +7 (7172) 75 46 66, +7 (7172) 75 46 37, +7 (7172) 75 46 40

E-mail: a.karimbaev@mid.gov.kz, k.utepbergenov@mid.gov.kz  ,  ewrpbb2017@gmail.com

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі