Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

ШҚО-да өнеркәсіп кәсіпорындары үшін мақсатты ғылыми-технологиялық бағдарлама жобаларын талқылады

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарында аймақтың өнеркәсіп кәсіпорындары мен ғылыми ұйымдарының ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық зерттеулер жөніндегі кеңесіне қатысты.

Ғылыми қызметкерлермен және өнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерімен кездесу Шығыс Қазақстан облысының Д.Серікбаев атындағы мемлекеттік техникалық университетінде өтті.

Онда жоғары оқу орнының ректоры Жасұлан Шаймарданов министрді индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы үшін маман дайындау жобаларымен және Шығыс Қазақстан облысының жетекші өнеркәсіп кәсіпорындарымен бірлесіп, 2017-2019 жылдарға арналған мақсатты ғылыми-технологиялық бағдарламаға дайындықтарымен таныстырды.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын түсіндіру аясындағы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің Өскемен қаласына жасаған бүгінгі сапарының аясында барған соңғы шара осы болды.

Министр бұл сапарында облыс әкімі Даниял Ахметовтың халыққа есеп беру кездесуіне қатысты және аймақтағы бірқатар жетекші индустриялдық кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Осы аптада ҚР Инвестициялар және даму министрі бастаған ақпараттық-насихаттық топ Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарындағы тұрғындармен кездесу өткізетінін атап өткен жөн.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі