Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

«Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін, сондай-ақ оларды осындайларға жатқызу критерийлерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 1137 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін, сондай-ақ оларды осындайларға жатқызу критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 1137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 793-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер – Министрі

Б. Сағынтаев

Жарияланған: 19.04.2017
Жаңартылған: 25.04.2017
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі