Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы

 

«Құқықтық актілер туралы»2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің     2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10711 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 сәүірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

Тақырыпта және 1-тармақта «қамтымды» деген сөз «қамтуды» деген сөзге ауыстырылсын.

Көрсетілген бұйрығымен бекітілген Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесінде:

Тақырыпта, 1-тармақта, 2-тармағының 1) тармақшасында, 5-тармақта, 5-2-тармақта «қамтымды» деген сөз «қамтуды» деген сөзге ауыстырылсын.

5-4 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«5-4. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе қолданыс мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы ЖҚж/қ есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

 

m

ЖҚж/қ = 100% * [∑(ШҚj-ШЖКj)*Kj] / S,

j=1

     

мұндағы:

m - тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, мердігерлер мен қосалқы мердігерлер арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындау (қызметті көрсету) мақсатында жасалған j-шарттардың жалпы саны;

j - жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алудың реттік нөмірі;

ШҚj - j-шартының құны;

ШЖҚj - j-шартын орындау шеңберінде жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің қазақстандық жеткізушілері болып табылмайтын ұйымдармен жасалған қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық құны;

Kj - егер j-шарты бойынша ЖҚК кемінде 95 % құраса, 1-ге тең коэффициент, және егер j-шарты бойынша ЖҚК 95 % кем болса, 0-ге тең коэффициент;

S - жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттың жалпы құны».

2.   Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жетекшелік ететін вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму

министрі

 

 

       Ж. Қасымбек

 

Жарияланған: 07.02.2017
Жаңартылған: 07.02.2017
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі